Мәдени шаралар дайджесті. Мамыр.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2016 жылдың 1-31 мамыр күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

3 мамыр (сейсенбі)

Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне арналған "Қазақстан – халықтар шаңырағы" атты кітап көрмесіне шақырамыз.

3 қабат, оқу залы

 

3 мамыр (сейсенбі)

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған "Айбынды әскер – азаттық тірегі" атты кітап көрмесі. Отан қорғаушылар күні 1992 жылдан бастап мерекеленіп келеді. Бұл дата 1992 жылы 7 мамыр күні ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың (жоғарғы бас қолбасшы болып табылады) ұлттық қарулы күштер құру туралы жарлығына қол қойған күнімен сәйкес келеді. 2012 жылдан бастап 7 мамыр демалыс күн болып есептеледі.

2 қабат, абонемент

 

3 мамыр (сейсенбі)

Ұлы Жеңіске арналған "Ұлы Отан соғысы –әдебиет беттерінде" атты  көрме-викторинасы. Кез-келген тілек білдіруші Ұлы Отан соғысының тарихы туралы сұрақтарға жауап бере алады.

2 қабат, абонемент

 

4 мамыр (сәрсенбі)

Отан қорғаушылар күніне арналған "Отанды қорғау – басты парыз=Защита Родины – главная обязанность" атты кітап көрмесіне шақырамыз.

3 қабат, оқу залы

 

13 мамыр (жұма)

Ақын, қоғам қайраткері О.Сүлейменовтің (18 мамыр, 1936ж) 80 жылдығына орай "Тауларды аласартпай, даланы асқақтатайық" атты кітап көрмесі материалдарын назарларыңызға ұсынамыз. Ақын көптеген мемлекеттік, әдеби және қоғамдық наградалардың иегерлері. Ақынның мерейтойы Ю.А. Гагариннің ғарышқа ұшқанына 55 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. "Адамға, табын, Жер, енді" поэмасы О.Сүлейменовтың есімін әлемге паш етті.

2 қабат, абонемент

 

15 мамыр (жексенбі) 11.00

Саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне орай "Жыр-Жауһар" поэзия клубының "Шерлі жылдар шежіресі" атты көшпелі отырысы.

Клуб мүшелері Спаск мемориалына гүл шоқтарын қояды. Спаск қорымы Қарағанды жерінде қасіретті із қалдырған Қарағанды еңбекпен түзету лагерінің (ҚарЛаг) естелік орындарының бірі болып табылады. Мемориал қарағанды лагерлерінің тұтқыны болған әртүрлі мемлекеттермен (Ресей, Украина, Польша, Венгрия, Германия, Италия, Франция, Финляндия, Литва және т.б.) бірлесе отырып құрылған.

2 қабат, конференц-зал

 

15 мамыр (жексенбі)

М.А. Булгаковтың 125 жылдығына арналған "Все обращалось к его славе" атты кітап көрмесіне шақырамыз.

2 қабат, абонемент

 

16 мамыр (дүйсенбі) 12.00

"Жас Өлкетанушы" үйірмесінің Ұлы Жеңіске арналған "Героев помним имена" атты кезекті отырысы.

2 қабат, конференц-зал

 

17 мамыр (сейсенбі)

Халықаралық мұражай күніне арналған "Вперед в прошлое" атты кітап көрмесі.

3 қабат, өнер туралы әдебиеттер бөлімі

 

17 мамыр (сейсенбі)

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған "Мәдениет – халық игілігі" атты кітап көрмесінің материалдарымен танысуға асығыңыздар.

3 қабат, оқу залы.

 

22 мамыр (жексенбі) 11.00

О.Сүлейменовтың поэзиясын сүйер қауымды "Алаштың асқақ айбыны" атты дөңгелек үстелге шақырамыз.

 

25 мамыр (дүйсенбі)

31 мамыр – саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне арналған "Қасірет – және естелік=Скорбь и память" атты кітап көрмесі. Кітап көрмесінде Карлаг тақырыбын аша түсетін "Болашақ" университетінің ғылыми-зерттеушілік кітаптар сериясы маңызды орын алады.

3 қабат, оқу залы

 

29 мамыр (жексенбі) сағат 15.00

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне арналған "Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш!" атты дөңгелек үстел.

2 қабат, конференц-зал

 

29 мамыр (жексенбі) сағат 11.00

Саяси репрессия құрбандарын еске алуға арналған Әдеби қонақжай клубының "Спасти от забвения" атты кезекті отырысы өтеді.

2 қабат, конференц-зал