Қаламгерлер хоббиі

Көпшілік қауымға «Асу асу», «Аяз бен бибі», «Бұлтқа салған ұясын», «Жаза», «Жаңбырлы түнде», «Жолы болғыш жігіт», «Кен», «Тырна, тырна ,тырналар» т.б кітаптардың  авторы  Әкім Тарази  туралы айтсам деймін.

Әкім Тарази  -  еш уақытта да көп сөзділікке  ұрынбаған,әдебиетке оқиға тығыздығы, аз сөзбен көп мағына білдіру, мінез-құлықтары тосын, тіршілік әрекеттері ерекше кейіпкерлерімен  келген қаламгер. Драматург – жазушы  шығармалары  кең тынысты қазақ прозасының шырайын  кіргізіп қана қоймай, оған көптеген стильдік, жанрлық, тақырыптық  жаңалықтар қосты. Жазудан талмаған ,еңбекқор, кітапты сүйіп оқитын оқырман, балық аулауды, табиғат аясында демалуды , серуенге шығуды өте жақсы көреді екен. Басты хоббиі – бильярд, күн құрғатпай күнделік жазу.