Көпшілік қауымға «Асу асу», «Аяз бен бибі», «Бұлтқа салған ұясын», «Жаза», «Жаңбырлы түнде», «Жолы болғыш жігіт», «Кен», «Тырна, тырна ,тырналар» т.б кітаптардың авторы Әкім Тарази туралы айтсам деймін.
Әкім Тарази - еш уақытта да көп сөзділікке ұрынбаған,әдебиетке оқиға тығыздығы, аз сөзбен көп мағына білдіру, мінез-құлықтары тосын, тіршілік әрекеттері ерекше кейіпкерлерімен келген қаламгер. Драматург – жазушы шығармалары кең тынысты қазақ прозасының шырайын кіргізіп қана қоймай, оған көптеген стильдік, жанрлық, тақырыптық жаңалықтар қосты. Жазудан талмаған ,еңбекқор, кітапты сүйіп оқитын оқырман, балық аулауды, табиғат аясында демалуды , серуенге шығуды өте жақсы көреді екен. Басты хоббиі – бильярд, күн құрғатпай күнделік жазу.