16 June, 2014 - 17:56

Қазақта «Тойдың болғанынан боладысы қызық» деп айтылуының заңдылығына өз басым тағы да көз жеткіздім.

Кітапханамыз биыл үшінші рет «Кітапхана түнін» өткізді. Қала тұрғындарына кітапхананың басқа да қырларын көрсету мақсатында әр кітапхана түніне ерекше дайындалатынымыз белгілі.

Биылғы «Кітапхана түні» Қарағандының 80 жылдығына және онымен құрдас кітапханамыздың да 80 жылдығына арналған болатын. Осы орайда, қандай іс-шаралар өткізсек екен, қала тұрғындары мен кітапхана қонақтарын қалай таң қалдырсақ деген ойлар біраз мазалады.

15 May, 2014 - 18:03

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Гоголевкадағы» «Кітапхана түні» жастар Акциясы өтеді.

Осы түні арнайы Сіздер үшін «FREE MARKET» тегін дүкені, «Минотаврмен жүздесу», «Шеберлер қаласы», «Шығыс сиқыры» шай қайнату рәсімі, «Менің сүйікті қалам - Қарағанды» танымдық туры, «Мобильді болашақ» QR-квесті, «Бидегі ғасырлар тарихы» би алаңы, «Библиодрайв» би кеші және басқа да қызықты іс-шаралар ұйымдастырылады.

9 April, 2014 - 12:57

Қарға тамыр қалың қазақ үшін 2014 жыл орны толмас қазамен басталған болатын. Қазақ өлеңінің падишасы Ф.Оңғарсынова 75 жасында фәниден бақиға аттанды. Сол ауыр қайғыдан қан жұтып, еңсемізді енді тіктемек болғанда еңсемізді тағы да зіл басты. Қазақтың белгілі ақыны, сарабдал сыншы, бірнеше жыр кітаптарының авторы Әмірхан Балқыбек 45 жасқа аяқ басқан шағында өмірден өтті.

27 March, 2014 - 14:31

Кітап - ескерткіш, кітап - рухани қазына. Ол адамның жан дүниесін байытып отыратын таусылмас байлық.

Өлкетану бөлімінде журналист – ҚР Мәдениет қайраткері қаламгер Сүйіндік Жанысбайдың 65 жылдық мерейтойына арналған «Сан қырлы қаламгер» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.

10 ақпан, 2014 - 14:48

Қазақтың дәстүрлі өлеңінен әр  алып, оны өзіндік жеке үнімен байыта түскен біртуар ақын Есенғали Раушановтың «Бозаңға біткен боз жусан» атты кітабына ақынның ең  таңдаулы өлеңдері мен  "Сарыөзен", "Ғайша бибі" атты  көлемді поэмалары енгізілген.

9 October, 2013 - 12:08

Қымбатты блог қонақтары!

Кітапханада Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған  «Қыз – ғұмырды» жырлай берші, жыр - ғұмыр» атты тамаша әдеби- сазды жыр кеші болып өтті. Бұл кеш бір жағыннан, ақпан айыннан басталған «Бір ел – бір кітап» акциясын қорытындылайтын шаралардың бірі болса, екіншіден халық санасына қозғау салған тартымды шаралардың бірі болды.

7 October, 2013 - 15:56

Қымбатты достар, біз бүгін көптен күткен эссе – байқаудың қорытындысын жариялаймыз!

20 September, 2013 - 09:30

19 сәуірде жыл сайынғы дәстүрге айналған «Кітапхана түнінде» кітапхана жанынан құрылған «Жыр-Жауһар» поэзия клубы «Бір ел – бір кітап» акциясын салтанатты түрде ашты. «Мұқағали мен Фаризаның диалогы» поэзиялық қойылыммен ашылған жыр кешіне жас ақындар жақұттай жыр шумақтарымен шашу шашты. Кештің барысында заманымыздың заңғар ақыны Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығынан деректер оқылып, слайд көрсетіліп, ақынның өлеңдері жатқа айтылды.

Беттер