Фариза Оңғарсынова

Фариза // Шығармаларының жиырма томдық толық жинағы. - Алматы : Жазушы, 2010 - 13 т. : Мейір сөз : көзі бар замандастар хақында. - 2011. – 39-60 б.

Фариза - аспанға алау атып, шоқ шашыратып жатқан рух жанартауы. Өшпейтін де сөнбейтін өжеттік қайнары. Екіұдай дәурен кешіп жатқан бүгінгі қауымымызға ең керек ақын. Қайта қалғып кетпеуіміз үшін, асқақ арман үлесінен шыққанымызша алауымызды әлсіретпей, лапылдап маздай беруіміз үшін қажет өлең.

Фариза Оңғарсынова // Жиырмасыншы ғасыр жырлайды: Қазақ поэзиясының антологиясы: екі томдық. - Алматы : Раритет, 2007 - Т. 1. – 425-444 б.

ФАРИЗА Оңғарсынова поэзиясы қазақ жырындағы қыз-келіншектер өлеңдеріне ғана емес, жалпы ұлттық рухқа, халықтық болмысқа қатысты көптеген қасаң, қалыптарды қақыратып өткен қасиетімен қымбат танылады. Біз қай заманда да халқымыздың, әйел-анаға, сүйген жарға, қыз балаға құрметі бөлекше болды десек қазақ қызды жасытпай, жарқылдатып өсірді десек олардан батыр да, ақын да, көсем де, шешен де шықты десек соның бәріне даусыз дәлелді Фариза жырларынан табамыз.

"Таланттыны туады халық қана, таланттармен халқы да алып, дана"

Сұхбат

Алғы сөзін жазған – Социалистик Еңбек Ері академик жазушы Ғабит Мүсірепов. Көркем сөз майданында ақынға, жазушыға, еркекке, әйелге, кәріге, жасқа деп шектеліп қойылған сарыжайлау да жоқ, құлазыған қу дала да жоқ. Ащы көл де ортақ, тұщы көл де ортақ. Ғарышқа дейінгі биіктік те ортақ, Жер-ананың отты жүрегіне дейінгі тереңдік те ортақ. Ерлік, батылдық, адалдық, ұяттылық, арлылық, намысқойлық сияқты адамгершілік-азаматтық қасиеттердің бәрі де ортақ. Мен қазақтың ақын қызы Фаризаны осындай асқарлардың биігінде көремін.

Мен саған ғашық емес ем...

Ақын Фариза - «Мазасыз шақ», «Асау толқын», «Мен сенің жүрегіңдемін», «Сенің махаббатың», «Дауа», «Сұхбат» жыр кітаптарының авторы. Бұл кітапқа ақынның бірыңғай лирикалық өлеңдері енді.

Мен сенің жүрегіңдемін

Қазақ совет поэзиясында өзіне тән ерекшелігімен, албырт та отты, ер мінезді өлеңдерімен оқырмандар сүйіспеншілігіне бөленген ақын Фариза Оңғарсынованың бұл кітабында замандастарымыздың биік адамгершілігі, Ұлы Отан соғысындағы дүние жүзін апаттан сақтап қалған совет халқының ерлігі, заман тынысы шабытпен жырланған.

Мазасыз шақ

Фариза Оңғарсынованың есімі оқушы жұртшылыққа бұрыннан таныс. "Мазасыз шақ" жинағында Фариза туған жер, сүйікті Отан, қимас достық, албырт жастықты өзіне ғана тән ақындықпен жырлайды.

Он томдық шығармалар жинағы

Қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың жырлары, әндері, әңгімелері, балаларға арналған шығармалары, аудармалары, ақынның өзі баяндайтын өмірбаян беттері топтастырылған он томдық шығармалар жинағы баспа бетінен 2004 жылы жарық көрді. Оқырман сұранысына ие болған жинақтың бесінші томын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Мұхаммед пайғамбар

Қазақ оқырманына жол тартып отырған бұл кітапта мұсылман дінінің негізін қалаған Мұхаммед пайғамбардың өмірінің ізгілік жолындағы еңбегі баяндалады. Сондай-ақ мұнда дін жолын ұстанудың шарттары мен жолдары, Құрандағы кейбір сөздерге түсініктеме, бірқатар аяттар мен сүрелердің қысқаша мазмұны да қоса берілген. Кітап мұсылман діні жайлы мемлекетіміз тәуелсіздікке ие бола сала жазылған алғашқы еңбек болуымен де құнды.

Дауа : өлеңдер. - Алматы : Атамұра, 2002. - 224 б.

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті қазақ ақыны Фариза Оңғарсынованың бұл жинағы таңдамалы өлеңдерінен тұрады.

Беттер