Фариза Оңғарсынова

«Поэзия падишасы – Фариза» эссе–байқауының қорытындысы

Қымбатты достар, біз бүгін көптен күткен эссе – байқаудың қорытындысын жариялаймыз!

"Адамзат мәдениетінің ғимаратына қаланған кірпіш" Николова Е.

Льются с этих фотографий океаны биографий, жизнь в которых вся до дна с нашей переплетена!- Б.Окуджава

Поэзия падишасы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, ҚР Кітапханашылар ассоциациясы қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында қолға алған «Бір ел – бір кітап» акциясы биыл да жалғасын тапты.

«Әуезі ән, жаны раушан, күй жүрегі»

Жас ақындардың шығармашылық алаңы

19 сәуірде жыл сайынғы дәстүрге айналған «Кітапхана түнінде» кітапхана жанынан құрылған «Жыр-Жауһар» поэзия клубы «Бір ел – бір кітап» акциясын салтанатты түрде ашты. «Мұқағали мен Фаризаның диалогы» поэзиялық қойылыммен ашылған жыр кешіне жас ақындар жақұттай жыр шумақтарымен шашу шашты. Кештің барысында заманымыздың заңғар ақыны Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығынан деректер оқылып, слайд көрсетіліп, ақынның өлеңдері жатқа айтылды.

Ой мен сезім нақыштары // Сөзстан: әдеби мақалалар. Үшінші кітап / құраст. Ф. Оразаев. - Алматы : Жалын, 1982. – 184-194 б.

Фариза Оңғарсынованың «Шілде» жинағында он жылдан аса мезгілдегі шығармалары кірген. Екі жүзге жуық өлеңнің бірге түптелгені болмаса, олардың әр тобы әр кезеңнің айғанындай, уақыт ағымын, адам қауымының қозғалыстарын сипаттайтын көркем туындылар. Бізде өмірмен, адаммен бетпе-бет тұрып барлық дауысымен тілдесетін, үні кең ақындар сирек-ақ. Фариза — сол сиректеріміздің бірі. Оның қауымына, замандастарына ақын болып айтары аз емес, солардың бәрін асқақ, жалынды сөздермен айтады Фариза. Мен Фариза ақынның болашақ жырларын да ҮЛкен үміттермен күтемін.

«Қасіреттен тұрады бақытым да» // Баба дәстүрдің мұрагері кім: туған әдебиет туралы ойлар. - Алматы : Өлке, 2001. – 153-163 б.

Арғы-бергі қазақ өлеңіндегі ат төбеліндей жұлдызды шоғырдың ішінде Фариза Оңғарсынова атты тұтас бір творчестволық әлемнің де бар екені айдай ақиқат. Ол әлем, әрине, жылыға орап, жұмсағын алдына тартып, сені бойкүйез, бей-жай күйге түсіретін, бір сәтке болсын өткеніңді ұмыттырып, ертеңіңді естен шығаратын көгілжім аспан астында көз бен көңілді қатар арбап көсіліп жатқан көкорай шалғынды әлем емес. Ол әлем — дауыл тұрғызып, дабыл қақтырып тұрған әлем. Ол әлем — шарпылыстар мен тартылыстардан, қақтығыстар мен соқтығыстардан, бұлқыныстар мен сілкіністерден тұратын әлем.

Биік сезім ақыны: Ф. Оңғарсынованың «Дауа» жинағы туралы // Талантқа құрмет: мақалалар, зерттеулер, портреттер. - Алматы : Жазушы, 1988. – 129-148 б.

Біздің бүгінгі поэзиямыз талантқа кенде емес. Бір кезде В. Маяковский іздеген әртүрлі және жақсы ақындар тобы бізде лек құрады. Олар қазақ поэзиясы оркестрін құрап, әр қайсысы өз үнімен, бірін бірі қайталамай, соның қатарын толықтыруда. Фариза - осы топтағы күшті дауыстың бірі. Оның ешкімге ұқсамайтын таланты өзінің ойшылдығымен, талғампаздығымен, айналасына, төңірегіне сын көзімен қарай алатын биік интеллектуалдық санасымен, мұң мен көңіл күйі әсеріне бөленген сазды әнімен, жырымен оқшау тұр.

Қазіргі қазақ поэзиясындағы ежелгі әдебиет сарыны // Қазіргі қазақ поэзиясындағы ежелгі әдебиет дәстүрі: [монография]. - Алматы : "Кие" лингвоелтану инновациялық орталығы, 2009. – 162 б.

Фариза Оңғарсынованың да өршіл романтизмге, азаматтық пафосқа толы өлеңдерінде ақын-жыраулар поэзиясының сарыны байқалады. «Бұхар жыраудың Абылайға айтқаны», «Абылайдың Бұхарға айтқан жауабы», «Бұхардың екінші сөзі», «Абылайдың жауабы» өлеңдері дәп осылай, жыраулар туындылары ізімен жазылған толғау жанры түріндегі жырлар. Бұхар жыраудың Абылай ханға арнаған атақты жырларының мазмұны сол қалпында алынып, реңкі бұзылмай, ойланған, түсінген зерделі оқушы осы заман үрдісіне лайықталғандығын айтпай түсінеді. Күнбатыстан қара нөсер кеп Шығарады әлі-ақ талқанын.

Беттер