"Жыр-жауһар" поэзия клубы

Клуб мақсаты – қарым-қатынас жасайтын орта құру, жоғары өнегелі байланыс ұйымдастыру, жастардың, поэзия клубы мүшелерінің поэзияға, қазақ поэзиясына деген қызығушылықтарын арттырып, талаптарын ұштау.

2006 жылы 8 ақпан күні облыстық Н.В. Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапхананың жанынан «Жыр–Жауһар» поэзия клубы құрылды. Бірінші жылдың өзінде-ақ поэзия клубының белсенді оқырмандары 15 адамнан калыптасты. Клубтың негізгі беделді мүшелерін Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің, "Болашақ" институтының, Тәттімбет атындағы өнер колледжі мен гуманитарлық колледжінің студенттері құрады. Клубтың белсенді жұмысының арқасында мемлекеттік тілдегі кітаптарға сұраныс көтерілді. Жас талапкерлердің шығармалары "Жас қаламгер" альманағына жарияланды. Сонымен қоса, "Жыр-Жауһар" поэзия клубының буклеті мен кітапханалық газеті шығарылды.

Бүгінгі күні кітапхана ордасындағы «Жыр-Жауһар» поэзия клубы Қарағандының үлкен ақындар мектебіне айналды десек, асылық емес. Қазіргі кезде клуб мүшелігінде 35-ке жуық жас ақын-жазушылар бар.