Поэзия – ақынның алтын тағы

Өлкетану бөлімі Қазақстан жазушылар Одағының мүшелері, ақын Серік Ақсұңқарұлына (1950 жыл, 29 наурыз) және Сәбит Бексейітке (1950 жыл, 20 ақпан) арналған «Поэзия – ақынның алтын тағы» атты кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырады.

С.Ақсұңқарұлының шығармашылығы қазақ оқырмандарына таныс. 1980 жылдан бастап Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі. Бүгінгі күні Қазақстан жазушылар Одағының Қарағанды облыстық филиалының директоры. Халықаралық «Абай» клубының мүшесі, ҚР Президентінің стипендиаты. Ақтоғай, Қарқаралы, Қарағайлы және Талды кенттерінің аудандық газеттерінде еңбек еткен, «Орталық Қазақстан» облыстық газетінде тілші болған.

Көптеген поэтикалық жинақтардың, «Адам ата – һауа Ана» трагедиясының, «Шайтанкөл» әнінің сөзі мен музыкасының авторы. Шиллердің, Ибсеннің, Есениннің, Цветаеваның, Ахматованың, Евтушенконың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Ол аударған «Памятник», «Я вас любил» өлеңдерінің қазақ тіліндегі аудармалары Пушкиннің соңғы академиялық басылымына енген.

Сәбит Бексейіт 11 кітаптың авторы, 2005 жылдан бастап Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі. Алғашқы өлеңдер жинағы 2000 жылы жарық көрген. «Астана уақыты» жыр кітабы үшін Қарағанды облысы әкімінің ақын-жазушыларға белгілеген «Алтын жол» номинациясы сыйлығымен марапатталған. А.Плещееваның, А.Вознесенскийдің, Э.Межелайтистің және тағы басқа ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Оның аудармасымен орыс тілінде «Тарихи дастан» поэмасы жарыққа шықты.

2 қабат, өлкетану бөлімі

Дата: 

26 ақпан, 2015 - 09:00 to 31 March, 2015 - 18:00