2 October, 2020 - 12:07

Биыл атақты жиһанкез, кемеңгер әлеумет көсемі Г.Н. Потаниннің туғанына 185 жыл.

2 October, 2020 - 12:04

Қар барысы – мысық тұқымдастардың ерекше өкілі. Қар барысының тағы бір атауы – ілбіс. Ол түркі тілінен аударғанда «қар мысығы» деген мағынаны береді.

Ілбіс – тек Азия құрлығын мекендейтін аң. Орталық Азияның сәні саналатын қар барысы – Қазақстан Республикасының ұлттық символы. Сонымен қатар 23 қазан – Халықаралық қар барысын қорғау күні болып бекітілген.

28 September, 2020 - 10:20

Заңғар ойлы қарттарым жүректерің неткен дархан,

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен,

Оқитын келешекте бір – бір дастан.

18 September, 2020 - 16:03

Нұрпейіс Байғанин 1860 жылы Ақтөбе облысы Темір ауданында  туған. Руы – Әлім – Шекті - Шүрен. Әкесі Байғана өмір бойы байдың жалшысы боп күн кешкен.Жылқышы болған Байғана бертін келе мешел, мүгедек болып өлген.Ақындық өнерді анасы Үміттен үйренген. Жасы 7-ге толғанда анасынан айрылады. Жас күнінен байдың қозысын баға жүріп, өлең-жырға,әнге,домбыраға, ертегі айтуға әуестеніп, «Әнші бала», «Ертекші бала», «Домбырашы бала», «Жаяу жыршы» деген аттарға ие болады.Еш уақытта молда алдын көрмеген, хат танымаған Нұрпейіс қазақтың атақты ақындары Марабайға, Нұрымға, Мұратқа, Әбубәкір Кердеріге т.б.

18 September, 2020 - 16:00

Биыл қазақтың айтыс өнері тарихындағы ұлы құбылыс, суырып салма ақыны, тегеурінді әншісі, керемет композиторы, сахна әртісі - Иса Байзақовтың туғанына 120 жыл толып отыр. Ол Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылында 1900 жылы дүниеге келген. Әкесі Байзақ ескіше хат таныған, ән салып, өлең шығарған сауыққой кісі екен. Анасы ерекше үнді әнші болып, Иса 9 жасқа келгенде ол қайтыс болған. Өлеңші, әңгімеші нағашы әжесі Жанбаланың бауырында өскен. Нағашы ағасы Рахмет домбыра тартып, ән салуды үйреткен. Жасынан «Домбырашы бала», «Әнші Иса» атанады.

16 September, 2020 - 16:34

Кітапхана – оқырманның рухани талап – тілегін қанағаттандырумен қатар, әлемдік, ұлттық, әмбебап ақпарат көздерін толық жинақтап, оқырманға жеткізуші болып табылады.

16 September, 2020 - 16:33

Аңыз әңгімелер - халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма. Мифті аңыздан, ал аңызды шежірелі сырға толы көне әңгімелерден айыру қиын - ақ. Аңыздар тарихта шын мәнісінде болған әлдебір оқиғаларға құрылады әрі осы оқиғалар көбіне – көп нақты бір мекенмен, тау - таспен және өзен - көлмен байланыстырылады. Мұңдай аңыздар топонимикалық деп аталады. Себебі, олар белгілі бір жағрафиялық нүктенің неліктен солай аталатынын түсіндіреді.

15 September, 2020 - 14:38

Құндылық — бір заттың маңыздылығы, пайдалылығы. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады.

15 September, 2020 - 14:33

«Ей, тәкаппар дүние!

Маған да бір қарашы,

Танисың ба сен мені

Мен қазақтың баласы!... – деп өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын Қасым Аманжоловтың рухты жырларынан қуат алып келеміз.

Беттер