31 July, 2018 - 16:54

Қазақ даласы қашаннан әсем де көрікті өлкелерге бай. Соның бірі – Баянауыл аймағы. Көрсең көңілің толатын, көрмесең алыстан арман қылатын Баянауыл өңірінің табиғаты ерекше. Мұндағы Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр көлдері ертегідей әсем. Өзеннің айнадай жарқыраған бетіне таулардың бейнесі түседі. Өзендегі және бұлақтағы сулар көз жасындай таза және мөлдір. Демалу үшін мүмкіндік мол: суға шомылғың келсе – шомыл,су спортымен айналысқың келсе – оған да мүмкіндік бар.

31 July, 2018 - 16:39

Құрметті, Гоголевка блогының оқырмандары өздеріңізге «Ұлы Дала Елі» бөлімінің кезекті шығарылым ақпаратын ұсынамын. Бұл ақпараттан сіздер Қазақстандағы спорт жайлы біліп, таныса аласыздар.

«Нар жолында жүк қалмас» демекші, XX ғасырдың 60-70 жылдары қазақ спортының алтын кезеңі болып бастау алды. Міне, бүгінге дейін қазақ спортының ақсаған кезі болған емес, керісінше мықты қатысушылар саны көбейіп, жанкүйерлер жалауы жоғары көтеріліп келеді.

31 July, 2018 - 16:03

Заманауи   кітапханалық кеңістік -  ол тек кітаптар мен басқа да ақпарат көздері үшін арналған кеңістік емес, бұл дегеніміз пайдаланушының ортасы, ішкі ойы, жан дүниесі, оның шығармашылық қабілетін, пайдаланушының өз ойын емін-еркін жеткізе білу ортасы. Кітапхана дизайны - кітапхана кеңістігінің көркемдігі, эстетикалық талаптарға сай етіп құрастыруды айтамыз. Дизайнның негізгі элементтері – түс, заттың сапасы, форма, көлем, т.б. Бұл туралы кездейсоқ айтып отырғанымыз жоқ... Өйткені әр кітапхананың өзіндік архитектурасы, дизайны және стилі болуы қажет.

31 July, 2018 - 15:40

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 1-31 тамыз аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

1 тамыз (сәрсенбі) сағ. 10.00, 11.00 .

Кітапхананың жас оқырмандарын «Жыландар аралы» және «Өз өзіңе режиссер» атты шығармашылық алаңдарына шақырамыз. 

2 қабат,  конференц залы

 

15 тамыз (сәрсенбі)

25 July, 2018 - 14:21

«Кітапханадағы жаз» шығармашылық алаңының бүгінгі сабағында «Негізгі қорларды сақтау» бөліміндегі өте сирек және құнды кітаптар топтамасынан үш тілде балаларға арналған «Көне және құнды кітаптар әлеміне саяхат» атты көрме ұсынылды.

18 July, 2018 - 17:41

Психология әлемінің тұрақты оқырмандары! Менің сіздермен эмоциялар мен сезімдер ұғымы жайында ақпаратпен бөліскім келеді. Өздеріңіздің бойларыңыздағы сезім мен эмоцияны қалай бір - бірімен байланыстырып, бағындыруға болатынын осы жерден оқып, біле аласыздар.

Адам - қоғамдық тіршілік иесі. Адам қабылдағанына (естігеніне, көргеніне), істеген ісіне, ойлағанына, арманына немқұрайлы қарамайды. Адам әрекетінің, оқиғаларының біреулері бізді қуантса, екінші бірі мұңайтады, ал үшіншісі ашу шақыратын жағдайға жеткізеді.

5 July, 2018 - 14:56

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 1-31 шілде күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

1 шілде ( жексенбі) 11.00-де

Астананың 20-жылдық мерейтойына арналған «Астана – жаңа ғасыр қаласы» атты дөңгелек үстелге шақырамыз.

2 қабат, конференц-зал

 

1 шілде (жексенбі

2 July, 2018 - 18:00

Екі шектің бірін қатты,

 бірін сәл-пәл жай бұра,

нағыз қазақ, қазақ емес,

нағыз қазақ – домбыра!

Қазақтың ежелден келе жатқан, тіршілігімен тығыз байланысты үш дүние бар. Олар – киіз үй, ер тоқым және домбыра. Киіз үй баспана ретінде бағаланса, «Ерттеулі ат ер жігіттің қанаты», яғни ер тоқым сол қанатқа қажет бұйым. Ал домбыраның жөні ерекше. Ол – қазақ халқының рухани байлығының кілті.

28 June, 2018 - 12:12

Демалыс. Демалған жақсы – ақ. Жыл бойғы жұмыстан қажыған кез келген адам отбасымен бой жазып, демалғысы келетіні хақ. Жағдайың кеп тұрса, шетел асып, жер көріп, ел таныған да жақсы-ау. Барар жерің туралы мағлұматтар оқуың, аз-маз болса да тілін үйрену де артық емес. Иә, мұхит асып, бөгде ел туралы көріп- білу арман ғой. Сол сияқты демалуға татитын жерлер өз елімізде де жетерлік.

20 June, 2018 - 18:03

Өшпес ерлік жасап, Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандықтардың бірі – әскери ұшқыш Нүркен Әбдіров. Ол 1919 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туылған. 1942 жылы шабуылдаушы ұшқыш Н. Әбдіров майданға жіберіледі. Алғашқы әуе шайқасына 23 қазанда қатысып, екі айға жетер-жетпес уақыт ішінде 16 рет әскери-әуе жорығына араласты, жаудың 12 танкісін, 28 автомашинасын және т. б. техникаларын, 50-ге  тарта солдаты мен офицерін жойды.

Беттер