adminтың блог

Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді

Аямайтын жерінде аямайтын!

Елім дейтін, әйтеуір, жерім дейтін.

Ер үстінде ешкімге берілмейтін.

Жазуға да, әрине, жалықпайтын,

Егеске де - шіркін - ай!- ерінбейтін!

Бұл мінез ғой...", - деп жырлады Қадыр Мырзалиев "Ілияс Есенберлин" өлеңінде.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2020 жылдың 3-31 қаңтар күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

4 ақпан (сейсенбі)

Өлкетану бөлімі Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Жеңіс даңқы – мәңгілік» атты кітап көрмесіне шақырады.

2 қабат, өлкетану бөлімі

7 ақпан (жұма) сағ.15.00

«Жыр-Жауһар» поэзия клубының жұмыс жоспарының аясындағы М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жас өмір, саған өкпем жоқ» атты әдеби-сазды кешке шақырамыз.

2 қабат, конференц-зал

Парасат журналына 60 жыл

Ой мен сөзді ұтымды пайымдап, ұрпақтар игілігіне жарата білетін «Парасат журналы» ғылымның барлық саласын қамтиды. Қоғамдық – саяси, әдеби – көркем, суретті журналымыз 60 жылдың асқарына иық тіреуде. Сан жылдардың тіршілік тағылымынан нәр алған, мәуелі даналықтың исі аңқыған, ақын жазушыларымыздың көзі мен сөзі, жүректен шыққан асыл жырларын халыққа жеткізе білетін «Парасат журналы» ең алғашқы рет 1958жылдың шілде айынан бастап «Мәдениет және тұрмыс» деген атаумен, 10 мың тиражбен басылып жарыққа шықты.

Жастар - жарқын болашақ бастауы

Ел ертеңі - жастардың қолында. Сондықтан Қазақстан жастарының бәсекеге қабілеттілігі, білімі мен біліктілігі жоғары болып қалыптасуы үшін барлық жағдай қарастырылған. Тіпті, жоғары білім алуға ниетті жастардың дамыған шет елдердегі алдыңғы қатарлы университеттерде оқуына да мүмкіндік бар. Бұл – мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам.

Қаламгерлер хоббиі

Қазақтың аса ірі ақындарының бірі – Қасым Аманжолов. Өмірге іңкәр, өмірді жырлап өткен ақын жайлы алғаш мен өз әке-шешемнің аузынан естідім.

Ел болашағы - жалынды жастар!

Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан ел тірегі – жастар екенін әсте естен шығармаған абзал. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында жастардың атқаратын рөлі зор.  "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңда жастар саясатының мақсаты – жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау екені көрсетілген.

Мәдени шаралар дайджесті. Қазан

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2019 жылдың 1-31 қазан күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының  ақпараттық  дайджесті

 

3 қазан (бейсенбі) сағ.11.00 

«Бір ел - бір кітап=Одна страна – одна книга» Акциясына арналған ақпараттық сағатқа шақырамыз.

2 қабат, абонемент

 

9 қазан (сәрсенбі) сағ. 11.00

Қаламгерлер хоббиі

Қазақ прозасының  дамуына өзіндік үлес қосқан ағамыздың бірі – Қалихан Ысқақ. Балалық шағы Қатонқарағайдың  Топқайың ауылында өткен.Сабағымен қоса  анасына көмектесіп, үй  шаруашылығына ұқыпты,жауапты болған. 8-сыныптан бастап әңгімелер жаза бастаған. Өзінің  көптеген шығармаларымен халық жүрегінен орын алған жазушы.Әдеби ортада Қалихан,Әкім, Қабдеш, Рамазан, Сайындар  «Бес тапал» атанған достар екен.

Мәдени шаралар дайджесті. Қыркүйек

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2019 жылдың 1-30 қыркүйек күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

2 қыркүйек  (дүйсенбі) 

«Берік отбасы – мемлекеттің тірегі» атты кітап көрмесіне шақырамыз. Көрме материалдары 2013 жылдың наурызында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Отбасы күніне арналады. Президенттің Жарлығына сәйкес аталмыш мереке қыркүйек айының әр екінші жексенбісінде мерекеленеді.

3 қабат, оқу залы

 

Қаламгерлер хоббиі

Қазақ прозасының өркендеуіне өз үлесін қосқан ағамыздың бірі – Қабдеш Жұмаділов. Бала кезінде  тәуір дойбышы болған. Ол кездегі дойбы тасы - қойдың жіліншігінің басындағы  қызасықты екі бөліп, қолдан бояп жасап алатын көшпенділердің дойбысы. Дойбының арқасында тамақ асырап, қарын тойғызған күндер де басынан өткен екен. Шахмат пен картаны да жақсы ойнаған. Преферансты бірсыдырғы ойнағанмен: «Картаға күндер,кештер, түндер кетеді, яғни уақыттың жұты десе де болады», - деп  мойындаған. Шашын Жанғазы деген бір шаштаразға ғана алдырған. Тұрақтылықты қадірлейді.

Беттер