Ел ертеңі - жастардың қолында. Сондықтан Қазақстан жастарының бәсекеге қабілеттілігі, білімі мен біліктілігі жоғары болып қалыптасуы үшін барлық жағдай қарастырылған. Тіпті, жоғары білім алуға ниетті жастардың дамыған шет елдердегі алдыңғы қатарлы университеттерде оқуына да мүмкіндік бар. Бұл – мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам.
Қазақ ұғымында отбасы – өмірдің тұтқасы, үй ішінде от жағылатын ошақтың төңірегі, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы болып саналады. Халқымыздың салт – санасындағы қасиетті ұғымдардың бірі – үй және қара шаңырақты сақтап қалу болып табылады. Шаңырақты қастерлеу ата – бабамыздан қалған дәстүр жалғастығы десек еш қателеспеспіз. Шаңырақ ұғымы жанұя, отбасы деген мағынамен ұштасатыны сөзсіз.
Жүз жыл ғасырға аяқ басқан сәт, тарих қойнауыңа көз салатын болсақ, көз қыспа, бақай баспа замандарында, халықтың үні болған, қойнауы шежірелі жылдардан сыр шертетұғын «Егемен Қазақстан газеті» бүгінде біздің тарихымыздың куәсі десек болады. 1919 жылдың 17 желтоқсанында Орынборда «Ұшқын» деген атаумен шығып, кейіннен бірнеше мәрте өзгеріске ұшырады.
Қазақтың аса ірі ақындарының бірі – Қасым Аманжолов. Өмірге іңкәр, өмірді жырлап өткен ақын жайлы алғаш мен өз әке-шешемнің аузынан естідім.
Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан ел тірегі – жастар екенін әсте естен шығармаған абзал. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында жастардың атқаратын рөлі зор. "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңда жастар саясатының мақсаты – жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау екені көрсетілген.
Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2019 жылдың 1-31 қазан күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті
3 қазан (бейсенбі) сағ.11.00
«Бір ел - бір кітап=Одна страна – одна книга» Акциясына арналған ақпараттық сағатқа шақырамыз.
2 қабат, абонемент
9 қазан (сәрсенбі) сағ. 11.00
Қазақ прозасының дамуына өзіндік үлес қосқан ағамыздың бірі – Қалихан Ысқақ. Балалық шағы Қатонқарағайдың Топқайың ауылында өткен.Сабағымен қоса анасына көмектесіп, үй шаруашылығына ұқыпты,жауапты болған. 8-сыныптан бастап әңгімелер жаза бастаған. Өзінің көптеген шығармаларымен халық жүрегінен орын алған жазушы.Әдеби ортада Қалихан,Әкім, Қабдеш, Рамазан, Сайындар «Бес тапал» атанған достар екен.
Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2019 жылдың 1-30 қыркүйек күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті
2 қыркүйек (дүйсенбі)
«Берік отбасы – мемлекеттің тірегі» атты кітап көрмесіне шақырамыз. Көрме материалдары 2013 жылдың наурызында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Отбасы күніне арналады. Президенттің Жарлығына сәйкес аталмыш мереке қыркүйек айының әр екінші жексенбісінде мерекеленеді.
3 қабат, оқу залы
Қазақ прозасының өркендеуіне өз үлесін қосқан ағамыздың бірі – Қабдеш Жұмаділов. Бала кезінде тәуір дойбышы болған. Ол кездегі дойбы тасы - қойдың жіліншігінің басындағы қызасықты екі бөліп, қолдан бояп жасап алатын көшпенділердің дойбысы. Дойбының арқасында тамақ асырап, қарын тойғызған күндер де басынан өткен екен. Шахмат пен картаны да жақсы ойнаған. Преферансты бірсыдырғы ойнағанмен: «Картаға күндер,кештер, түндер кетеді, яғни уақыттың жұты десе де болады», - деп мойындаған. Шашын Жанғазы деген бір шаштаразға ғана алдырған. Тұрақтылықты қадірлейді.
Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2019 жылдың 1-31 тамыз күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті
1 тамыз (бейсенбі)