1 ақпан, 2019 - 12:51

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2019 жылдың 1-28 ақпан күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

1 ақпан (жұма) сағ. 15.00

31 қантар, 2019 - 11:56

Халқымыздың тарихында өздерінің сүбелі еңбектерімен танылған талай ақын – жазушы ағаларымыз бар. Олардың шығармаларынан басқа әуестенушілік пен түрлі қағытпа қалжыңдары жетерлік. Солар жайлы сөз етсек деймін. Ақын Темірбек Медетбек «Геолог» атты өлеңінде:

...Көз алдында туған өлке байтағы,

Жер қыртысы,

Жер жұмбағы айтары.

Қатпар-қатпар қойнауынан таулардың

23 қантар, 2019 - 11:43

Құрметті блог оқырмандары, Сіздермен 2019 жылы қайта қауышып отырғанымызға қуаныштымыз. Биылғы жыл блогымыз үшін табысты жыл болмақ. Өздеріңізге пайдалы ақпараттарды ұсыну мақсатында аянбай еңбек ететін боламыз.

2018 жылдың 5 қазан күні Елбасымыз 2019 жылғы халыққа арнаған жолдауында келер жыл «Жастар жылы» деп ерекше атап өтті. Ел ертеңі - болашақ жастарымызда. Қазақ елі үшін арайлап атқан әрбір таң - бақытты ұрпақтың бірден - бір көрінісі болып табылады.

3 қантар, 2019 - 17:23

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2019 жылдың 1-31 қаңтар күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

4 қаңтар (жұма)

Президентіміздің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына арналған кеңейтілген кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.

3 қабат, оқу залы

 

7 қаңтар (дүйсенбі)

27 December, 2018 - 12:07

Адамзат баласының  ең сүйікті, ең көңілді, сиқырға толы деп үмітке жетелейтін мерекесі – Жаңа жыл. Әр жылда өзіңді жаңа табалдырық аттайтындай сезініп отырасың. Кеудеңде: "Осы жыл мен үшін қандай жыл болар екен? - деген сауал тұрары анық. Жаңа жыл қашан да ертегі, ғажайып кездесулерге толы. Жасыл шырша, жарқыраған алау-шамдар, түрлі – түсті ойыншықтар, шырқалған әсем ән-жырлар, күмбірлеген күйлер, шат-шадыман көңіл күйде жүрген балалар мен үлкендер осы мерекенің шырайын кіргізеді.

14 December, 2018 - 15:59

Атыңнан айналайын «қазақ» деген,

Қазағым, қайсарлығың ғажап дер ем!

Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,

Көрсең де көресіні азаппенен.

 А.Иманов

Қазақстан – бүкіл қазақ халқының атамекені, кіндік қаны тамған киелі жері. Қазақ халқы – «тар жол, тайғақ кешудің» сан ғасырларын басынан өткізген алмастай өткір, қайтпас қайсар, батыл ел.

14 December, 2018 - 15:35

Бүгінгі Қазақстан әлемдік қауымдастықта лайықты орны бар мемлекетке айналды. Бұл Елбасының тәуелсіздік жылдары мемлекетті нығайту бағытында атқарған қыруар тынымсыз еңбегінің жемісі. Иә, тәуелсіздіктің арайлы таңы атқалы еліміз қиын-қиын асулардан өтті.  Енді, міне, сол тәуелсіздігіміздің айшықты, айбынды символы теңгенің айналымға енгізілгеніне 25 жыл толып отыр.

5 December, 2018 - 13:39

2 желтоқсан  (жексенбі) 

Құрметті оқырмандарымызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы және Қарағанды» атты кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз. 

2 қабат, өлкетану бөлімі

 

3 желтоқсан (дүйсенбі)

«Сыбайлас жемқорлық: мемлекетке қарсы қылмыс» атты кітап көрмесіне шақырамыз. Аталмыш көрме Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылады.

7 November, 2018 - 10:36

Қымбатты достар, «Ұлы Дала Елі» бөлімінің кезекті «Салт – дәстүр – ұлттық байлық» тақырыбын назарларыңызға ұсынамын. Қазақтың діннен кейінгі күшті құралы – әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі бар. Салт - дәстүр халықтық тәрбиеге негізделеді. Халықтық тәрбие - тарихи категория. Дәстүрсіз халық болмайды. Жақсы дәстүр уақытты жатсынбайды, уақыт талабы, даму диалектикасына орай дамиды, өзгеріске де бой береді, ғасырлар бойы ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып отырады.

2 November, 2018 - 12:35

7 қараша (сәрсенбі)

Кітапхана қазақ тілінің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу бойынша іс-шаралар жоспары аясында «Латын әліпбиі – болашаққа қадам» атты ақпараттық сағатын ұйымдастырады. Ақпараттық сағат  ҚММУ жанындағы Медициналық колледж базасында өтеді.

Медициналық колледж

 

14 қараша (сәрсенбі)

Беттер