Биыл Екінші дүниежүзілік соғыста Кеңес әскерінің Фашистік Германияны жеңгеніне 73 жыл. Күннен күнге арамыздан келмес сапарға кетіп жатқан ардагерлеріміз үшін бұл мейрам сонау отты жылдарды еріксіз есіне түсіретін қасіретке толы күн деуге де болады. «Елу жылда – ел жаңа» деген даналық бар. Дегенмен, ел тарихы ешқашан өшпек емес. Тарихыңды білмей, кемел келешекке сену мүмкін емес. Сондықтан ақпараттанған заманда алаңсыз ғұмыр кешіп жатқан ұрпақтың бойынан елжандылық, адамгершілік, имандылық қасиеттері табылса екен деймін.
15 сәуір – "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" күні, ғашықтар күні. Бұл күнге елең етпейтін жан жоқ шығар,сірә?! Әрбір жан алғашқы махаббатын еске алып, жанжарымен кездескен сәттерді еске түсіретін күн емес пе? Жас жігіттер мен бойжеткендер үшін – есігін айқара ашар үміт күні, батылдылыққа итермелейтін күн.
"Махаббат – мәңгі ертегі, Көңілдің күйін шертеді"- дегендей, дәл осы мереке күні
15 сәуір,сағат 15.00-де
Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өтетін
«Гоголевка» блогының оқырмандары, сіздерге «Ұлы Дала Елі» айдарының кезекті тақырыбы «Мәдени мұра» жайында ақпарат ұсынып отырмын.
Аумағы жағынан әлемдегі алғашқы ондыққа кіретін қазақ жері ежелден сан түрлі мәдениеттің тоғысқан орны болды. Мұнда көшпенділік пен отырықшылық өзара араласып жатты. Көшпелі өмір салтын бастан кешкен қазақ халқы сол заманнан табиғатпен етене араласып, өзіндік қыр-сырын. Оған куә қазақ жеріндегі тарихи, рухани мұраларымыз.
Көктемнің алғашқы жайма шуақ наурыз айының 27-ші жұлдызында өнер әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері жыл сайынғы дәстүрімен Қарағанды гуманитарлық колледжінің студенттерімен кездесті. Осы жылғы өткізілген кезекті отырысында «Ақпараттық арт-портал: Наурыз – «Киіз үй – музей және ошақ» тақырыбы бойынша студенттер өнерге деген, қазақ мәдениетіне деген өз ойларымен бөлісті.
Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 1-30 сәуір аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті
2 сәуір (дүйсенбі)
Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне арналған «Денсаулық – менің байлығым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.
3 қабат, оқу залы
4 сәуір (сәрсенбі) 9.30-да
«АҚШ мәдениеті жайлы не білемін?» атты ағылшын тіліндегі жазба жұмысы байқауының қорытынды бөлімі және байқау жеңімпаздарын марапаттау сәті өтеді.
Адам – белгілі бір қоғамның мүшесі. Ол қандай болмасын бір іспен айналысады. Оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғанның жиынтығы оны жеке адам етеді.
Жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені адамның өзіндік бағыт-бағдары қалыптаспайынша, өз бетімен сөйлеп, жүріп, есейгенше, яғни әрекет ете алатын қалпына келген кезде ғана жеке тұлға бола алады. Содан кейін барып өзіндік іс-әрекеттері қалыптасады.
Ағымдағы жылдың 19-наурыз күні кітапханамызда «Қазақша сөйлесейік» клубының «Армысың, әз Наурыз!»атты мерекелік сабағы өтті.
Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.
Мәриям Хакімжанова шығармаларының үш томдығы. Құрастырып, алғы сөзін жазған Мағира Қожахметова. - Алматы: «Ана тілі» баспасы, 2006 ж.
Қыстан кейінгі әлемді тамашалауды күтіп жүрген адамдар қаншама. Бәрі де бір жылылықты, бір шуақты сағынғандай. Жүректерін пәк сезімдерге бөлейтін, өміріне әдемі өзгерістер әкелетін шұғылалы көктемге асығуда. Менің де көктеммен қауышқым келгені соншалық, өлеңмен өрілген жырымды жазбай тұра алмадым:
Бұл көктем жолдап бір сәлемін,
Кешігіп келерін ескертіп.
Қыстан соң ғажайып әлемім,
Бәрін де кетсе ғой өзгертіп.
Тағы да жауратып жанымды,
Сұп-суық жел есті, ызғырық.
Көктемді сағындым жалынды,
Қызуға жетпейтін жүз қырық.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Тәуелсіздік дәуірі" атты
еңбегі еліміздің өткен жылдарда бастан кешкен
тарихын жүйелі баяндайтын, елде өрістеген аса
күрделі процестерді терең талдайтын, сонымен қоса
алдағы күндерге артылатын міндеттерді саралап
ашуымен де құнды еңбек дейміз.