Сән (франц. Moda, лат: modus – өлшем) – киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі. Ал, енді стиль ұғымына келетін болсақ, стиль (лат: Stylus) – мәнер, сипат, ерекшелік дегенді білдіреді. Әр адамның өзіндік киіну жеке стилі болады. «Адам көркі – шүберек» - демекші, әр адамның талғаммен киініп, әдемі киініп жүргенін дұрыс деп санаймын. Киімде бірнеше: классикалық, спорттық, романтикалық, және фольклорлық стильдер болады.
Көп жағдайда біз уақытымызды ұтымды пайдаланудың орнына оны бос өткізіп жатамыз. Деніміз сау бола тұра шүкірлігімізді ұмытып, өмірге налитынымыз тағы бар. Армандап, болашаққа мақсат қойып, алға ұмтылудың орнына құлдырай береміз, құлдырай береміз. Және өзіміз сол өмірімізді қанағат етіп жүре береміз.
2017 жыл, қараша Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 1-31 қараша күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті
5 қараша (жексенбі)
Қазақ тілін латын қарпінің бірыңғай стандартына көшіру іс шараларының жоспары аясында кітапханамызда ұйымдастырылған «Латын әліпбиі – өткені мен болашағы» атты «Жыр–Жауһар» поэтикалық клубының отырысы өтеді. Отырысқа қатысуға шақырамыз.
2 қабат, конференц-зал
8 қараша (сәрсенбі)
Еліміздің түкпір-түкпірінде кезекті "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы бойынша әртүрлі іс-шаралар жүргізіліп жатқаны сөзсіз.
Акция елімізде 2007 жылдан бастап халықтың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын туғызу мақсатында өткізіліп келеді.
Өзіңді-өзің тану үшін кітап керек. Өзгені де тану үшін кітап керек.
Расул Ғамзатов.
Қазіргі кезде балаларға арналған басылымдар басылып шығарыла ма?- десе менің есіме түсетіні бірінші «Балдырған» журналын айтар едім. «Балдырған» журналын бала кезімізде ауылдың пошташы апайы қашан әкеледі екен? - деп тосып жүретін едік. Журналды алған күні біздің отбасымызда мереке, қуаныш болатын. Таласа-тармаса оқитынбыз.
Біздің ардақты аналарымыз «Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» ғой. Осымен қатар қазақ халқында «Бесіксіз үйде береке жоқ» деген сөз де бар. Және де бабаларымыздың «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», «Тәрбие – тал бесіктен басталады» деп келешек ұрпаққа аманат етіп, айтып кеткен сөздері де бар. Қазақ халқының бесікті қадірлейтін соншалықты, атасы жатқан бесік немере, шөбере, шөпшегіне дейін қастерлі мүлкі ретінде сақталып, сол бесікке бөленіп, сол бесіктен ер жетеді. Яғни, бесік атадан балаға беріліп отырған.
27-қыркүйек "Жыр-жауһарлықтар" үшін ерекше есте қалар күндердің бірі болды. Сөз құдіретімен жасалған әдемі өрнек, айшықты жыр дестелері тербетті бүгін бәрін. Сезім қылын шертер өрнекті өлең көңіл толқытты бүгін. Толассыз аққан жыр ағыны толқындай тулап, селдей тасып, арнасынан асты бүгін.
Күні кеше яғни қыркүйектің 27-жұлдызында Қарағанды шаһарының көгінде даңқты жерлестеріміздің бірі, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың жай отындай жарқылдаған жігерлі, отты шығармаларында дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың "Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ..." оқулары өтті.
Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен қолға алынған дәстүрлі іс-шара осымен жетінші мәрте ұйымдастырылып отыр.
Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 1-31 қазан күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті
5 қазан (бейсенбі) сағ.12.00
Өлкетанушы Ю.Г. Поповтың 80 жылдық мерейтойына орай «Патриот, ученый, краевед» атты шығармашылық кешке шақырамыз.