12 June, 2018 - 11:49

Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі жан дүниесімен тығыз байланысты. Ішкі жан дүние – мінез-құлық. Дауыс көтеріп оспадарсыз сөйлесең, сыртқы бейнең қанша сұлу болып, әдемі киініп тұрсаң да жарасым таппайды. «Киіміне қарай қарсы алып, Ақылына қарай шығырып алады» деген ұғым осыны меңзеп тұрған секілді. Адаммен қарым-қатынасың сөз ғой, сондықтан да айналаңнан күнделікті өмірде жақсы, жанға жағымды сөзбен дауысыңды, сөйлеу мәнеріңді түзетіп, жақсылықты бойыңа жина. Рухани байлығың – білім мен тәрбие.

8 June, 2018 - 19:27

Достық қарым-қатынас сонау ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім. Қазақтың  достық – отансүйгіштік тәрбиесі - тереңнен тамырын тартқан , халқымыздың сан ғасырлық болмысының, дүниетаным – көзқарасының,  ақыл – ойы мен салт – дәстүр  мәдениетінің көрінісі. Осыларды бойға дарытпай тұрып келер ұрпақты патриоттық-отан сүйгіштік тәрбиеге лайықты  қалыптасты-рып,  кіндік кескен жерін қорғайтын және осы мақсат жолында  бар күш жігерін  жұмсайтын отаншыл азаматтарды тәрбиелеу мүмкін емес.

1 June, 2018 - 16:46

Құрметті, біздің «Гоголевка» блогының тұрақты оқырмандары! Өздеріңізбен «Ұлттық психология» бөлімі бойынша келесі «Қызықты психология» тақырыбы жайындағы мәліметпен бөліскелі отырмын.

Психология сыры.

1 June, 2018 - 15:33

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 1-30 маусым аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

1 маусым (жұма)

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.

3 қабат, оқу залы

 

1 маусым (жұма)

1 June, 2018 - 12:42

Кітапханалық блог – кітапхана жарнамасы мен сервисіне айналған мүмкіндіктің бірі. Блог – кітапхананы ілгері жылжыту үшін тиімді және қолжетімді құрал болып табылады.

Бүгінгі күні кітапхана блогы өзектілігінің күннен күнге артып отырғаны бәрімізге аян. Бұл алғашқы кезде сұхбат, пікір алмасу, өзің жайлы ақпарат жайғастыру құралы болды. Ендігі кезеңде кітапхана блогы қоғаммен байланыстың, кітапхана маркетингі мен жарнама қызметінің, кәсіби қызметті жан-жақты қамтитын баға жетпес құралына айналды.

17 May, 2018 - 17:23

Қарлаг 1931 жылы 9 желтоқсанда Долинка ауылында ашылып, 1959 жылы жабылған. Қарағанды қаласынан оңтүстікке қарай 25 шақырым қашықтықта орналасқан лагерьде жас балалардан бастап, қарттарға дейін, сталиндік қуғын-сүргіннің мыңдаған құрбаны азап көрген.

Интернет деректеріне көз жүгіртсек, Қарлаг империясының құрамында 19 бөлімше, 106 малшаруашылық фермасы, 10егістік учаскесі, кірпіш зауыты,кен орындары болған, тек 1940 жылға дейін бұл жерлерде 37 мың тұтқын, 8 мың жалдамалы ерікті еңбек еткен.

17 May, 2018 - 17:19

Міне, жадыраған жаз да келіп жетті. Оқушы қауымы үшін арқаны кеңге салатын кез келді. Пән мұғалімдерінің берген тізімі бойынша сыныптан тыс оқитын әдебиеттерді іздейтін бала кітапхана жағалайтыны сөзсіз. Кей ұстаз төрт тоқсанға 4 қана кітап берсе, көпшілігі жыл бойы оқитын авторларын оған қоса бағдарламадан тыс төрт автордың шығармаларын ұсынады. Жаз бойы уақыт тауып ,оқып келіп, өтетін авторыңның шығармаларын оқушың біліп,сайрап тұрса қандай қуаныш! Оқушының күнделігі сияқты «Сыныптан тыс әдебиеттерді оқуым» атты дәптері болса құба-құп.

10 May, 2018 - 11:42

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата – бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.

5 May, 2018 - 16:43

Құрметті оқырмандар Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған виртуалды көрме ұлттық бейнелеу өнерінің қылқалам шебері, қазақ КСР-інің халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың 105 жылдығына арналған.

2 May, 2018 - 12:52

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 1-31 мамыр аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

2 мамыр (сәрсенбі)

Отан қорғаушылар күніне арналған «Айбынды армия – ел қалқаны» атты кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз. Отан қорғаушылар күні 1992 жылдан бастап тойланып келеді. Бұл күн, 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев (Жоғары қолбасшы болып есептелетін) ұлттық қарулы күштерінің құрылуы туралы жарғыға қол қоюымен байланысты.

Беттер