31 қантар, 2018 - 18:39

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 1-28 ақпан аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

2 ақпан (жұма)

Жазушы және драматург Берік Қорқытовтың 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Зерделі азамат» тақырыбындағы әңгімеге шақырамыз.

2 қабат, абонемент

 

8 ақпан (бейсенбі)

Абонемент бөлімінде «Жырларым менің - жолдарым» атты кітап көрмесі өтеді. Көрме ақын Ғалым Жайлыбайдың 60 жылдық мерейтойына орайластырылған.

25 қантар, 2018 - 17:24

 «Бір ел – бір кітап – 2018» Республикалық акциясы

25 қантар, 2018 - 13:27

Ғылымды, ақылды сақтайтын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсе қызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез-келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады, - деп ескертеді хакім Абай.

23 қантар, 2018 - 09:31

Домбыра шешен болса саңқылдайды,

Көсіліп бәйге атындай аңқылдайды.

Кездессең бабы тайған қу тақтайға,

Көңілі су сепкендей жартылайды.

Тәтті күй мұңлы, зарлы көңіл бөлер,

Адамға арқаланар әсер берер.

Отырса азаматтар ұйып тыңдап,

Сыпылдап он саусағын дөңгеленер.

21 қантар, 2018 - 09:46

"Латын әліпбиін қарайтын кез келді. Қалай болғанда да, латын әліпбиі бүгінде телекоммуникациялық салаларда басымдыққа ие болып отыр. Мамандар осы мәселені зерттеп, нақты ұсыныстарын жасауы тиіс" - деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2006 жылы Қазақстан халқы - Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген  болатын.

Елбасы 2012 жылғы желтоқсанда жарияланған «Қазақстан-2050» Стратегиясында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісу керектігін айтқан болатын.

19 қантар, 2018 - 10:56

2018 жылдың 15 қаңтар күні Тәттімбет атындағы өнер колледжінде «Туған жер» бағдарламасы негізінде моральдық‑патриоттық тәрбиені дамыту=Развитие нравственно‑патриотического воспитания на основе прогарммы «Туған жер» атты ақпараттық сағат өткізілді.  Ұстаздарға танымдық бағытта өткізілетін бұл шара – Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауынан басталып, тақырыпқа байланысты ұстаздар қауымына кітапханамыздың қорындағы кітаптар мен мерзімід басылымдар таныстырылды.

17 қантар, 2018 - 15:26

Жыл соңы да жақындап келеді. Ал, біздің кітапханамыздың жанынан құрылған, бүгінде талай таланттың жұлдызын жаққан "Жыр-Жауһар" поэзия клубының қоржыны толағай табыспен толықтырылуда.

Мемлекет және қоғам қайраткері Ж.Тәшенов атындағы "Жылдың үздік ақыны" жыр дүлдүлдері мүшәйрасында жеңімпаз атанып клубымыздың белді мүшесі, тұнық жырға толы сыршыл, нәзік жырларымен оқырман ықыласына бөленген, ақын қызымыз Рахымжанова Айзада Бүркітқызы жеңімпаз атанды.

17 қантар, 2018 - 15:04

 Алау алып,

Алтын күннің нұрынан,

 Сезім өріп

 Самал желдің сырынан,

 Сұлулықты,

 Кеңестікті,

 Өмірді,

 Көретұғын басқаша бір қырынан;

 Армандарын...

 Ақындардан сұрама,

 Ізде аңсарын...

Ақындардың жырынан,- деп ақын ағамыз Қадыр Әлімқұлов жырлағандай,

14 қантар, 2018 - 16:36

Martin Luther King’s day is an important event in the United States. It’s celebrated each year on the third Monday of January. Since 1971 cities and states established annual holidays to honor Martin Luther. The holiday became official in 1983, when President Ronald Reagan signed it into law.

Беттер