Меніңше, құпия көмбелер мен қазына іздеушілер тек ерте заманда болған сияқты. Бірақ энтузиаст замандастарымыздың қалауымен қазіргі таңда жер беті жасырылған қазына-көмбеге толы. Геокэшинг - жоғары технологиялар ғасырында ойлап табылған заманауи ойын.
Адамзаттың тарихына үңілсек құпия көмбелерді іздеуде тылсым дүниенің сыры бар сияқты. Барлық кезде қазына іздеу адамзат үшін қызықты кәсіптің бірі болған. Тек интернет мен спутниктік навигация пайда болуымен ол кейбір адамдар үшін ойынға айналды.