23 September, 2014 - 11:11

НҮСІПХАН Қадырсұлтан – 1988 жылы Шығыс Түркістанның Алтай аймағы Шіңгіл ауданында дүниеге келген. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті кәсіби-көркем сурет факультетінің түлегі. Шығармалары «Жауқазын», «Тіл және Рух», журналдарында, «Шалқар» - еларалық газеті, «Дүниеге келер әлі талай Қасым»  жыр жинақтарына енген.

2005 жылы Қытайда өткен «Бейбітшілік және уақыт» атты Халықаралық жастар сурет жарысында 2 орын алған.

2006 жылы Қытайда өткен «Менің ұстазыма айтар бір ауыз жүрек сөзім» атты аймақтық  жастар шығармашылығында 2-орын.

23 September, 2014 - 11:09

"Бір өлең - бір әлем"

 

*    *     *
Қайтеді қағытпалы қаланы бұл,
Жасанды нұр себеді бағаны бір.
Шырыны өлген әркімнің ауласында,
Аңсайды қойнауы кең даланы гүл.

Тар өріс туысқанға досқа сырың,
Ақ иық ұл жасайды жоққа шығын.
Қарлығаш қарғыс етіп шырылдайды,
Қырдағы қопсыменен қоштасуын.

Әр бұрыш пейіш сынды аңдамасаң,
Қысыр сөз, қытығы көп қарбалас ән.
Қарашығы қас алтын қара бала,
Өзге жүрек, өзге тіл әлдеқашан.

23 September, 2014 - 11:07

ӨМІР ОЛ – ҰЙҚЫДА ӨТКЕН СӘТ

Өмір ол – ұйқыда өткен сәт,

Тәп-тәтті түс көріп оянған…

Қиялмен бақиға өткел сап,

Ажалдың түсіне боялған.

 

Жұмақтың алхоры гүлдерін,

Саусағың ұшынан шық тамып,

Аялап сүйесің, күн керім,

Кеудеңді түнектен құтқарып,

Ала алмай қиналар шынайы,

Көзіңде мөлдіреп көктемдер,

Жалғанның қарсы алып құдайы,

Гүлменен көктеліп өткелдер,

Ол сені ертіп ап маһшарға,

Бастайды сыр шертіп өткенге,

Жетпейтін қолың да, ақшаң да.

23 September, 2014 - 11:06

Тұлғалар тоғысы: Науан Хазірет және Ақан сері

23 September, 2014 - 11:05

Қылмыскер

Мен бүгін сені өлтіруім керек,
Әйтпесе мені жаншып тынасың.
Ойларым байғұс мертігіп…кенет,
Талаққа тастап мансұқ қыласың.

Қара қылмыскер, қара орамал
Іштегі «жеті» сәбиім қайда?!
Қырда жылаған балама обал,
Естіліп жатыр нәби-үн сайда.

Қарқылдап күлдің мелшиген бейбақ,
Орындығыма отырып алып.
Жерді еміреніп, мен сүйген күй-бақ,
Қылардай, сірә, «жетіні» ғаріп.

23 September, 2014 - 11:04

Нота

Жүрегімнің соғылды  қоңырауы,

«Тырс»  еткен тамшының үніменен.

Құлағыма сыбырлап қоңыр әні,

Жүрегімді жауламақ түніменен.

 

Бой бермейді, елітіп көктем гүлі,

Айды жұлып алатын күші бардай.

Қақ тілетін найзағай көкте үні,

Сыңғырлаған даусыңның үні қандай,

Сапырып сары қымыз ұсынғандай.

 

Ырғағына билейді  бүкіл әлем,

Саусақтары майысқан биші құсап.

Дүрсілін жүрегіңнің күтіп әрең,

Ерініңмен ернімді сүйші сусап.

 

Сонда сезем өмірдің тәттілігін,

23 September, 2014 - 11:02

Арманым, күлме маған,

Алыссың, көз алмадым

Қаласам, үлгере алам,

Сезімнен оза алмадым

 

Арманым, ақталамын,

Сезімді себеп қылып

Анық қой жақпағаным,

Қарайсың демек күліп

 

Күнде есіп далаға әнді,

Алды арман бір көшеңді

Күлмеші, Қарағанды!

Арманым! ...Күлмеші енді

 

Қиялдың тынысы оңай,

Күлкілі емес түкте!

Ұйғардық біз осылай

Жүрекпен кеңестік те

 

Арманым! Күле берме!

Төзімім-дара батыр,

Жарамай жүрек емге,

Өртеніп бара жатыр

23 September, 2014 - 11:02

ҚАБИДОЛДИН Рауан Ержанұлы – 1989 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласына қарасты Қатон-Қарағай ауданында дүниеге келген. Өскемен қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясының түлегі. Қарағанды қаласындағы ҚарМУ-дің филология факультетін тәмәмдаған. Бүгінде Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығының қызметкері.

Беттер