adminтың блог

Еріктілер мен кітапханалар – олар бір-біріне қажет пе?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін атап өтіп, 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. Осылайша Қазақстанда еріктілер қозғалысы дамуының жаңа кезеңі басталды.

ӘЛЕМНІҢ ӘЙГІЛІ КІТАПХАНАШЫЛАРЫ

Кітапханашы – төрт жарым мың жылдан астам тарихы бар өте ежелгі мамандықтардың бірі. Алғашқы кітапханашылар саз тақтайшаларына жазып, жинақтайтын жазушылар болған. Бұл ертеректе тек ерлерге берілетін мамандық еді.

КІТАП SWAP

Қазіргі заманда кітапхана саласында шетел тілінен алынған көптеген жаңа сөздер пайда болуда. Мысалы: «Своп» (ағылш. Swap) - қаржы саласының термині, сауда-қаржылық айырбастау операциясын білдіреді. Ал кітапханадағы «swap» - кітаппен және біліммен алмасу іс-шарасының жаңа форматы. Шын мәнінде, бұл эволюцияланған буккроссинг. Оның буккроссингтен ерекшелігі кітап сүйер қауымның бетпе-бет қарым-қатынаста кездесіп, пікір алмасуы.

Ұлы Отан соғысына 75 жыл толуына орай «Батырлар – қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында»

Ұлы Отан соғысы- халқымызға төңген ең ауыр күндер болды. Ал «Жеңіс,Жеңіс!»-деп сүйіншілеген осы дауысты адам зат баласы соғыс басталғалы бері 4 жыл 1418 күн мен түн күткен болатын.

Мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті, 2020 жыл, сәуір.

1 сәуір (сәрсенбі)

Итальяндық суретші Тицианның туғанына 530 жыл толуына орай «Цыганская мадонна» суретін жинау видео сабағына шақырамыз

Өнер туралы әдебиеттер бөлімі

instagram

5 сәуір (жексенбі)

Қалихан Ысқақ - 85 жыл

Биыл көркем сөздің хас шебері Қалихан Ысқақтың туғанына 85 жыл толып отыр. Əдебиет жанашыры Қалихан Ысқақ туралы бүгінгі оқырман не біледі екен?!
 1935 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған жазушының балалық шағы да сол өңірде өткен.Бір шығармасында бірнеше  тақырыпты қамтитын жан -жақты Қалихан Ысқақтың шығармалары бүгінде көпшілік сұранысына ие. Атап айтсақ, олар:

Наурыз – ұлтымыздың ұлық мерекесі

      Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке. Ел Тәуелсіздігінің 28 жылдығын жуырда ғана атап өткен мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпы халықтық сүйікті мерекеге айналды.

Мәдени шараларының ақпараттық дайджесті. Наурыз

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2020 жылдың 1-31 наурыз күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

2 наурыз (дүйсенбі)

Көктемгі мерекенің қарсаңында оқырмандарды «Бақ берекем, құт мерекем-әз Наурыз» атты кітап көрмесі қарсы алады. Көрмеде Наурыз мейрамын мерекелеудің тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы баяндайтын кітаптар мен журналдар қойылған.

Құрметті, өнер сүйер қауым!

       Кеншілер қаласында 6-8 ші ақпан күндері Сарыжайлау кинотеатрында Қарағанды облысындағы «Қазақфильм күндері» өтеді. Қаламыздағы рухани ордамыз кітапхана аталмыш шараға кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге ұлттық кино өнеріміздің қалыптасу, даму тарихымен таныса отырып, кино әлемінің бүгіні мен ертеңі туралы қорымыздағы жаңа кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды. Ерекше назар аударатын кітап ол: «Кино Казахстана. Кто есть кто».

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2020 жылдың 1-29 ақпан күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

Ақпан  2020ж.

4 ақпан (сейсенбі)

Өлкетану бөлімі 2020 жылдың маңызды датасы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Жеңіс даңқы – мәңгілік» атты кітап көрмесіне шақырады.

2 қабат, өлкетану бөлімі

7 ақпан (жұма) сағ.15.00

«Жыр-Жауһар» поэзия клубының жұмыс жоспарының аясындағы М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жас өмір, саған өкпем жоқ» атты әдеби-сазды кешке шақырамыз.

Беттер