23 September, 2014 - 11:33

ШАЛҚАРОВ Жәлел Қуандықұлы – 1986 жылы 10 қаңтарда Қарақалпақстан Автономиялық Республикасы Беруний ауданына қарасты Алғабас ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің филология факультетін аяқтаған. Жас ақын.

23 September, 2014 - 11:17

ХУМАРБЕК Ербұлан – 1994 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қ. Аманжолов ауылында дүниеге келген. Қарағанды гуманитарлық колледжінің студенті.

2009 жылы қалалық "Абай оқуларының"  I орын игері. 2010 жылы "Дарын" сыйлығының III иегері.

Біздер Алмаз Мырза-Ахметтің

 "Көгершін" кешінде табысып,

Мирас Асанның "Соңғы раушан" кешінде

қоштастық. Белгісіз себептермен...

Автор

Елесің бе еді кешегі,

Келесің кезіп көшені.

Маңдайда мұңым бес елі,

Таңдайда жырым көшеді.

 

23 September, 2014 - 11:16

ТҮСІПБЕКОВА Назерке Рымбекқызы – 1990 жылы 5 тамызда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген. 1998 жылы мектеп табалдырығын аттап,. Қарағанды қаласындағы №2 Н.Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатын тәмамдаған. Қарағанды гуманитарлық колледжінің түлегі. Қарағанды Мемлекеттік Университетінің студенті.

23 September, 2014 - 11:15

Сембекова Еркегүл Мұздыбекқызы - 1996 жылы 23 ақпанда Қарағанды облысы, Жанаарқа ауданы, Ақтау ауылында дүниеге келген.

Қарағанды Гуманитарлық колледжінің 3-курс студенті. «Жыр-Жауһар» поэзия клубының мүшесі, «Құрбылар» поэзия клубының төрайымы.

Ғайып болған сезім

Есімде бақытты кездерім,

Жүруші ек аралап бақтарды.

Жүректе сақталды сөздерің,

Өткіздік тамаша шақтарды.

 

Бақытты болғанда-й екеуміз,

Бақытты екен ғой саябақ.

Жамандық сезбеген екенбіз,

 Қоштасар жол  тұрған таяу -ақ.

 

23 September, 2014 - 11:14

СӘДУАҚАСОВА Айзада – 15 маусым 1993 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жәйрем ауылында дүниеге келді. Қарағанды гуманитарлық  колледжінің түлегі.

Облыстық «Абай жаққан бір сәуле сөнбес үшін» атты мүшайраға қатысты (2009), І. Жансүгіровтың 115 жылдығына арналған байқауда 1 орынды иеленді (2009). 2013 жылы «Дала дарыны» атты сериямен жарық көрген «Сарыарқа сазы» атты жас ақындардың жыр жинағына өлеңдері енді.

Республикалық «Асыл сөз» және аудандық «Жаңаарқа» газеттерінде өлеңдері жарық көрген.

 

Өзіме берген уәдемнен өзім қаймығып,

23 September, 2014 - 11:13

РАХЫМЖАНОВА Айзада – 1991 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ақтау ауылында дүниеге келген. ҚарМУ-дың филология факультетін тәмамдаған. Бүгінде аталмыш оқу орнының магистрі.

Өлеңдері «Қасымнан – ғасырға» атты аудиоантологияға енген. Ж.Тәшенов атындағы «Жылдың үздік ақыны» атты жыр додасында «Жылдың жалынды ақыны» (2012ж), 2013 жылы «Дала дарыны» атты сериямен жарық көрген «Сарыарқа сазы» атты жас ақындардың жыр жинағына өлеңдері енді.

Күз жылап тұр...

Талай мәрте сенделткен бізді бақ бұл,

Бұл бақтан маған талай үздің ақ гүл.

23 September, 2014 - 11:11

НҮСІПХАН Қадырсұлтан – 1988 жылы Шығыс Түркістанның Алтай аймағы Шіңгіл ауданында дүниеге келген. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті кәсіби-көркем сурет факультетінің түлегі. Шығармалары «Жауқазын», «Тіл және Рух», журналдарында, «Шалқар» - еларалық газеті, «Дүниеге келер әлі талай Қасым»  жыр жинақтарына енген.

2005 жылы Қытайда өткен «Бейбітшілік және уақыт» атты Халықаралық жастар сурет жарысында 2 орын алған.

2006 жылы Қытайда өткен «Менің ұстазыма айтар бір ауыз жүрек сөзім» атты аймақтық  жастар шығармашылығында 2-орын.

23 September, 2014 - 11:09

"Бір өлең - бір әлем"

 

*    *     *
Қайтеді қағытпалы қаланы бұл,
Жасанды нұр себеді бағаны бір.
Шырыны өлген әркімнің ауласында,
Аңсайды қойнауы кең даланы гүл.

Тар өріс туысқанға досқа сырың,
Ақ иық ұл жасайды жоққа шығын.
Қарлығаш қарғыс етіп шырылдайды,
Қырдағы қопсыменен қоштасуын.

Әр бұрыш пейіш сынды аңдамасаң,
Қысыр сөз, қытығы көп қарбалас ән.
Қарашығы қас алтын қара бала,
Өзге жүрек, өзге тіл әлдеқашан.

Беттер