Он алты жастағы қыздарға
Арқау болған талай назды жырларға,
Аттарыңды жазайын ба қырларға?!
Он алты мың гүл силар ем толтырып
Он алтыға жаңа толған қыздарға.
Орағытып құлатады көздерің ,
Шақырсам да мені бір ақ сезбедің.
Сондықтан да мен сендерге ғашықпын,
Он алты жас ең әдемі кездерің.