adminтың блог

Жас кітапханашылар мектебі

Дүниенің ағы мен қарасын,жалғаны мен шынын бізге үйреткен де кітап.Ал, сол жауһар қазынаның алтындай жарқырап тұратын ошағы ол-кітапхана.

«Мен кітапхананы ақыл-білім, адамгершілік ордасы деп білемін.Ал,кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті сол асыл қазынаның сақшылары санаймын»

Өнер-білім бар жұрттар...

Жас кітапханашылар мектебінің бірінші дәрісінде «кітапхана» ұғымына, Қазақстан кітапханаларының даму, қалыптасу, қазіргі хал-ахуалы, Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының тарихы және қызметін негіздейтін құжаттар туралы баяндалды. Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы 1934 ж. қалалық кітапхананың негізінде ұйымдастырылып 1938 жылы облыстық статусқа ие болған. Кітапхананың қалыптасып жетілуі Қарағанды көмір бассейінімен, Қарағанды қаласының қалыптасып дамуымен тікелей байланысты.

Жас кітапханашылар мектебі

«Кітапхана - білім көзі, кітапханашы - оның тірегі» деп бекер айтпаған шығар. Кітап рухани досымыз. Мәдениеттің басты бір ошағы, адамға рухани байлық сыйлайтын, ғылым мен білімнің терең сырынан сусындатар орын ол – кітапхана.

Кәсіби мектеп тәлімі

Тал бесіктен жер бесікке дейін ілім үйрен.

Өміріміздегі бала шақтан, болашаққа дейінгі бірінші дәрістеріміздің барлығы танысудан, жаңа ортада бір-бірімізді алғаш көруден басталған еді. Ал, бүгінгі (10.03.2022) бірінші дәріс ерекше... Ерекшелігі, аудитория болып жиналған дәріс алушылар менің құрдастарым емес, әріптестерім. Жасымыз әр түрлі болғанымен, мақсатымыз бір болып келген кәсіби мамандармыз.

Жас кітапханашылар мектебі

Өзіңді –өзің тану үшін кітап керек, өзгені де тану үшін кітап керек ,- деп Расул Ғамзатов айтқандай, адамзат баласына керекті рухани байлықтың бәрі кітаптан табылады. Түрлі жанрдағы кітапты оқу – елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл, мейірімді, төзімді болуға баулиды. Кітап оқу арқылы  қазақ халқының мәйекті сөзінің уызына жарып, бәрін білуге тырысамыз. Кітап – біздің рухани жан азығымыз, ал кітапхана – білім мекені. Ендеше, бүгінгі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана деп білеміз. Сондықтан, кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ.

Жас кітапханашылар мектебі

Кітапхана – ол жан азығы, адамзаттың жан тыныштығының рахат табатын рухани ортасы деп білемін. Сіз кітапханадан келіп өміріңізді түбегейлі өзгертуіңіз мүмкін. Себебі – адамзат баласы әуелі сөз пайда болғаннан бастап, сол сөздік қорының молаюына септігін тигізер бірден бір азық кітап екенін білді.

Ерекше кездесу

Өткен аптаның соңында Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының шаңырағында ерекше форматта шығармашылық лирикалық кеш өтті. Бұндай тамаша кештің өтуіне себепкер болған Алматыдан көш керуенін бастап келген жас қаламгерлер болатын. Жас қаламгерлерді Қарағанды шаһарына арнайы шақырған Е.Бөкетов атындағы ҚарУ-дің студенттері.

Жас кітапханашылар мектебі

Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана

Жас кітапханашылар мектебі

Бүгінгі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана. Көне жазбалар мен сирек кітаптар секілді кітапхананың да тарихы өте ескі дәуірлерден бастау алады. Кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ. Кітапхана — оқырманның рухани талап-тілегін қанағаттандырумен қатар, әлемдік, ұлттық, әмбебап ақпарат көздерін толық жинақтап, оқырманға жеткізуші болып табылады.

Қош келдің, Әз Наурыз

Міне, қазақ жеріне көктемнің жайма шуақ күні, керемет мейрамы Әз Наурыз да келіп жетті. Қыстың қақаған аязынан кейін табиғатта  жаныңды жадыратып, көңіліңді көтеріп ерекше күйге түсіреді. Адамзат баласының ең тарихи маңызды, ең көңілді,  үмітке жетелейтін мерекенің бірі – Наурыз мерекесі.

Беттер