adminтың блог

Поэзия кеші

Қымбатты блог қонақтары!

Кітапханада Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған  «Қыз – ғұмырды» жырлай берші, жыр - ғұмыр» атты тамаша әдеби- сазды жыр кеші болып өтті. Бұл кеш бір жағыннан, ақпан айыннан басталған «Бір ел – бір кітап» акциясын қорытындылайтын шаралардың бірі болса, екіншіден халық санасына қозғау салған тартымды шаралардың бірі болды.

«Поэзия падишасы – Фариза» эссе–байқауының қорытындысы

Қымбатты достар, біз бүгін көптен күткен эссе – байқаудың қорытындысын жариялаймыз!

Жас ақындардың шығармашылық алаңы

19 сәуірде жыл сайынғы дәстүрге айналған «Кітапхана түнінде» кітапхана жанынан құрылған «Жыр-Жауһар» поэзия клубы «Бір ел – бір кітап» акциясын салтанатты түрде ашты. «Мұқағали мен Фаризаның диалогы» поэзиялық қойылыммен ашылған жыр кешіне жас ақындар жақұттай жыр шумақтарымен шашу шашты. Кештің барысында заманымыздың заңғар ақыны Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығынан деректер оқылып, слайд көрсетіліп, ақынның өлеңдері жатқа айтылды.

«Мен құштар әлем» блогы туралы

Ей, өлең қуған жарқыным,
өнер қуған жарқыным,
өтпесін сенің дұшпан ұйқымен әр түнің.
Мен үміт еткен ұрпағым болсаң, қалғыма,
өнеріңнің көрсет алмас қылыштай жарқылын,
Бұл жұмыр Жерде ұлымын дейтін халық көп,
көрсеткін сен де еліңнің айбат, ауқымын!

Ф.Оңғарсынова «Алмас қылыш» поэмасынан

Беттер