adminтың блог

Мәдени шаралар дайджесті. Қазан.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2016 жылдың 1-31 қазан күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесі

 

4 қазан (сейсенбі)

Эжен Потьенің 200 жылдығына арналған "Солдат и поэт революции" атты кітап көрмесіне шақырамыз. 1944 жылға дейін Кеңес Одағының бұрынғы мемлекеттік "Интернационал" әнұранының авторы. ЭженПотьеның бұл өлең жолдлары Париж Коммунасы оқиғасынан алған әсерінен туды.

2 қабат, абонемент    

 

Халықаралық "АЛАШ" сыйлығы берілді

Халықаралық "Алаш" сыйлығы – қазақтың елдік туын алғаш көтерген қалам қайраткерлеріне ескерткіш ретінде Қазақстан Жазушылар одағы тағайындаған әдеби сыйлық. "Алаш" сыйлығы 1992 жылдан бастап баспадан жарық көрген жаңа туындылардың үздік деп табылғандарына екі жылда бір рет беріліп тұрады.

Биыл тамыздың 25 күні Қазақстан Жазушылар одағы секретариаты шешімімен еліміздің бірқатар ақын-жазушыларына Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығы берілді.

Мәдени шаралар дайджесті. Қыркүйек.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2016 жылдың 1-30 қыркүйек күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесі

6 қыркүйек (сейсенбі)

"Отбасы - Отанның ошағы" атты кітап көрмесіне шақырамыз. Көрме материалдары Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  2013 жылдың наурыз айындағы Жарлығымен бекітілген Отбасы күні мерекесіне арналған. Аталмыш мереке Президент Жарлығына сәйкес қыркүйек айының екінші жексенбісі күні мерекеленеді.

3қабат, оқу залы.

 

2016 жылғы 1 тамызынан 31 тамызына дейінгі «Гоголевканың» мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

1-тамыз (дүйсенбі) сағ. 11.00-де, 12,00-де

Кітапханамыздың кішкентай оқырмандарын "Қауіпсіздік әліппесі" мен "Ертегілер елінде" шығармашылық алаңдарына шақырамыз

2-қабат, конференц-зал

 

3-тамыз (сәрсенбі) сағ. 11.00-де, 12,00-де

"Кітапханадағы жаз" бағдарламасының қатысушыларын "Жаз қызықтарының студиясында" және "Көңілді ағылшын – әрі оқу, әрі ойын" алаңдарында асыға күтеміз

2-қабат, конференц-зал

 

9-тамыз (сейсенбі)

Жаз мезгілі жастар үшін білім алатын уақыт

Адам баласына бұйырған ең үлкен нығметтің бірі – уақыт. Күніне 24, аптасына 168, бір айда 720 сағат уақыт бар. Өкінішке қарай жастардың осы тегін уақыты көбінесе бос өтіп кетеді. Әсіресе жаз мезгілінде. Себебі оқушылар мен студенттердің оқуы аяқталып, қолы босайды. Бұл мезгіл - бағасын білгенге таптырмас мүмкіндік. Оқу үшін берілген уақытта яғни мектеп пен университет қабырғасында жүрген уақытта барынша білім алу абзал. Себебі кейін білім алатын уақыт тапшылық етеді.

Үлкен қала – үлкен мүмкіндіктер

Үлкен қала қашанда үлкен мүмкіндіктер алаңы. Ал ол кез-келген бір үлкен қала емес, ел ордасы Астана болса тіпті де зор. Астана – жарқ-жұрқ еткен зәулім ғимараттардың, менмұндалаған ойын-сауық орталықтарының, көңіл көтерер шулы ортаның қаласы ғана емес. Астана – ең алдымен білдей бір елдің орталығы, басқасы соған қарап бой түзер бас қаласы.  Саяси, экономикалық, рухани, мәдени орталық. Қоғамның әр саласын, әр қырын қамтыған, тұтас республика бір өзінен басқарылатын осындай орталық болғаннан кейін де кімге болсын берер мүмкіндіктері зор.

Мәдени шаралар дайджесті. Шілде.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2016 жылдың 1-31 шілде күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесі

3 шілде (жексенбі) сағат 11.00

"Астана - жаңа ғасыр қаласы": 6 шілде – Астана күніне арналған дөңгелек үстелге шақырамыз.

2 қабат, конференц-зал.

 

4 шілде (дүйсенбі)

"Астана – елімнің мақтанышы" және "Көшбасшының саяси портреті" атты кітап көрмелері ашылады.

2 қабат, оқу залы

 

Мәдени шаралар дайджесті. Маусым.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2016 жылдың 1-30 маусым күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

1 маусым (сәрсенбі) 12.00

Бұл күні кітапхана қызметкерлері мен қонақтардың балаларына арналған «Қазына аралына саяхат» атты квест-ойыны форматында қызықты мерекелік шара ұйымдастырылады.

1 қабат, кітапхана холлы

 

1 маусым (сәрсенбі)

Мәдени шаралар дайджесті. Мамыр.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2016 жылдың 1-31 мамыр күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

3 мамыр (сейсенбі)

Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне арналған "Қазақстан – халықтар шаңырағы" атты кітап көрмесіне шақырамыз.

3 қабат, оқу залы

 

3 мамыр (сейсенбі)

«Гоголевкадағы» Кітапхана түні-2016

"Кітапхана түні" акциясы – оқуды қолдауға бағытталған көлемді шара. Бұл түні кітапхана әдеттен тыс уақытта өз есігін айқара ашып, әдеттен тыс уақытта өз есігін айқара ашып, оқырмандары үшін ерекше форматта қызмет көрсетеді.

Беттер