adminтың блог

Оқырман біз туралы

Оқырмандар кітапханаға міне, 80 жыл бойы келуде.

Қоғамдық қарым – қатынас өзгереді , техникалық мүмкіндіктер мен талап өзгереді, кітапханада өзгереді.

Бірақ еш өзгеріссіз және тұрақты болып қалатын тек қана біздің Оқырмандарымыз ғана.

 

Мәдени іс-шаралардың ақпараттық дайджесті. 2015 жыл, мамыр.

4 мамыр (дүйсенбі)

Баршаңызды 7 мамырОтан қорғаушылар күніне арналған "Отан қорғау – ел салты" атты кітап көрмесіне шақырамыз. Отан қорғаушылар күні 1992 жылдан бастап мерекеленіп келеді. Бұл дата 1992 жылы 7 мамыр күні жоғарғы бас қолбасшы Н.Ә. Назарбаевтың ұлттық қарулы күштерді құру туралы жарлыққа қол қойған күнмен байланысты. 2012 жылы 7 мамыр мемлекеттік мереке және демалыс күні болып белгіленді.

3 қабат, оқу залы.

 

4 мамыр (дүйсенбі)

Ұлы жеңіске 70 жыл

Биыл халқымыздың ерлігі мен бірлігінің айғағы болған Ұлы жеңіске 70 жыл. Осы атаулы мерекеге орай 22 сәуір күні кітапханамыздың оқу залында «Жеңістің өшпес шырағы» атты мерекелік кеш өтті. Кешке Ұлы Отан соғысының ардагерлері: Ақыбаев Мағзұм, Кузнецов Василий Павлович, Белоусов Василий Алексеевич, Пономаренко Серафима Григорьевна және тыл ардагерлері Дусмаилов Мендеш Шаяхметович, Зуйкова Клавдия Васильевна, Онгоева Анастасия Адамовна арнайы шақырылды.

Мәдени іс-шаралардың ақпараттық дайджесті. 2015 жыл, сәуір.

1 сәуір (сәрсенбі)

Сәуір айы көптеген қызықтарға толы ай. Өйткені 1 сәуір - Халықаралық күлкі күні. Жыл сайынғы бұл дәстүрлі мереке күні әзілі жарасқан адамдар өзара әзілдесіп, құрдастар қалжыңдасып жатады. Бұл да жарасымдылықтың бір белгісі. Бұл күні барша жұртшылық бір-бірінің көңілін қалжыңмен көтеруге тырысады және де қалжыңға ешкім ренжімейді. Барша оқырман қауымды белгілі сатириктердің шығармашылығына арналған "Күлкі әлемі" атты кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.

Мәдени іс-шаралардың ақпараттық дайджесті. 2015 жыл, наурыз.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 2015 жылдың 1 - 31 наурызына арналған мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

1 наурыз (жексенбі)

"Азаматтардың қауіпсіздігі – басты міндет" атты Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған кітап көрмесі мен осы тақырыптағы әдеби шолуға шақырамыз.

3 қабат, оқу залы.

 

2 наурыз (дүйсенбі)

Мәдени іс-шаралардың ақпараттық дайджесті. 2015 жыл, ақпан.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2015 жылдың 1-28 ақпан күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

Ақпан айының қысқа күнтізбесіне қарамастан осы айда өткізілетін кітапхана шараларының кестесі тығыз, айтулы іс-шараларға толы болып отыр.

2 ақпан (дүйсенбі) 11.00

Оқу залында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Біз тұратын ел» = «Страна, в которой мы живем» атты кітап көрмесі ашылады.

Қазақ өнерінің «Ботагөзі»

Қазақтың маңдайына біткен көркемөнер иесі кескіндемеші, театр және кино суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері,  кезінде «тал бойында бір мін жоқ» деп ақындар жырлайтын сұлу да сымбатты Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылованың туғанына биыл 85 жыл(1929-2013 жж.) толды.

Мәдени іс-шаралардың ақпараттық дайджесті, 2014

1 қазан (сәрсенбі) сағат 11.00-де

«Алтын күз»: Халықаралық қарттар күніне және кітапхананың 80 жылдық мерейтойына орай кітапхана ардагерлерімен кездесу

2 қабат, конференцзалы

 

1 қазан (сәрсенбі) сағат 11.00-де

Ұстаздар күніне арналған «Сіз ұстаз болсаңыз» атты әдебиеттер  көрмесіне шақырамыз.

2 қабат, абонемент

 

7 қазан (сейсенбі) сағат 10.00-де

Рухани келісім Күніне арналған «Рухани келісім» атты кітап көрмесінің ашылуы.

Шалқаров Жәлел Қуандықұлы

ШАЛҚАРОВ Жәлел Қуандықұлы – 1986 жылы 10 қаңтарда Қарақалпақстан Автономиялық Республикасы Беруний ауданына қарасты Алғабас ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің филология факультетін аяқтаған. Жас ақын.

Хумарбек Ербұлан

ХУМАРБЕК Ербұлан – 1994 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қ. Аманжолов ауылында дүниеге келген. Қарағанды гуманитарлық колледжінің студенті.

2009 жылы қалалық "Абай оқуларының"  I орын игері. 2010 жылы "Дарын" сыйлығының III иегері.

Біздер Алмаз Мырза-Ахметтің

 "Көгершін" кешінде табысып,

Мирас Асанның "Соңғы раушан" кешінде

қоштастық. Белгісіз себептермен...

Автор

Елесің бе еді кешегі,

Келесің кезіп көшені.

Маңдайда мұңым бес елі,

Таңдайда жырым көшеді.

 

Беттер