adminтың блог

Елбасы күні – ерекше мереке

1 желтоқсан  - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – халықтың қалауынан туған мереке. 2012 жылдан бастау алған бұл мерекені кең көлемде тойлау елімізде үрдіс алуда. Біздің Елбасымыздың балалық шағы және қатардағы жұмысшыдан - Президент лауазымына дейінгі өсу жолдары туралы кітаптары насихатталуда. Бұдан, әрине, біздің жастарымыз үлгі алатыны ақиқат. Көшбасшымыздың өмір жолы әрбір жастың көңіліне сенім ұялатып, патриоттық тәрбие алуына, Отанға, елге деген сүйіспеншілігін туғызуына, өмірге тың құлшыныспен кірісуіне бірден-бір себепкер.

Мәдени іс-шаралардың ақпараттық дайджесті. 2015 жыл, қараша.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2015 жылдың 1-30 қараша күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

2 қараша (дүйсенбі)

Ақын, композитор Мәди Бәпиұлының (1880-1921) 135 жылдығына арналған "Мәдидің асыл мұрасы" атты кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.

3 қабат, өнер туралы әдебиеттер бөлімі

 

10 қараша (сейсенбі)

Мәдени іс-шаралардың ақпараттық дайджесті. 2015 жыл, қазан.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2015 жылдың 1-30 қазан күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

1 қазан (бейсенбі) сағат 11.00-де

"Алтын күз" кездесуі: Халықаралық қарттар күніне арналған кітапхана ардагерлерімен кездесу.

2 қазан, конференц-зал

 

2 қазан (жұма)

Музыка – халық қазынасы

Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй

Абай Құнанбайұлы

Мәдени іс-шаралардың ақпараттық дайджесті. 2015 жыл, қыркүйек.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2015 жылдың 1-30 қыркүйек күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті.

2 қыркүйек (сәрсенбі)

"Отан отбасынан басталады" атты кітап көрмесіне шақырамыз. Көрменің материалдары 2013 жылы наурыз айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Отбасы күні мерекесіне арналған. Президент Жарлығына сәйкес мереке қыркүйек айының әрбір екінші жексенбісінде аталып өтіледі.

3 қабат, оқу залы

 

Анонс!

Кітапқұмарлар назарына! Ерекше жаңа, көз қызықтыратын кітаптардың түсімі.

Кітапханамыз Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттін әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарык көрген жаңа кітаптармен толықты. Толық

Қызықты ағылшын тілін үйрену клубы

Қазіргі таңда болашақ ұрпағымызды білімді, мәдениетті, саналы етіп тәрбиелеуде шет тілін оқытудың маңызы зор. Сондықтан кез-келген ата-ана өз баласының шетел тілін үйреніп, сөздер мен сөйлемдерді құрастыруға, шетел тілінде ойын еркін жеткізуге үйренуіне үлкен мән беріп, баланың оқып жетілуіне белсенді араласуы шарт.

Мәдени іс-шаралардың ақпараттық дайджесті. 2015 жыл, тамыз.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2015 жылдың 1-31 тамыз күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

3 тамыз (дүйсенбі)

Көпшілік өнер түріне қызығушыларды "Искусство кино" кітап көрмесіне шақырамыз. Ұсынылған материалдарда классика мен авангардтық кино әлеміне сапар шегуге мүмкіндік беріп,  заманауи қазақстандық кино өнері туралы баяндалады.

3 қабат, өнер туралы әдебиеттер бөлімі

 

5 тамыз (сәрсенбі)

Мәдени іс-шаралардың ақпараттық дайджесті. 2015 жыл, шілде.

1 шілде    (сәрсенбі)

"Астана – символ Казахстана" кітап көрмесіне шақырамыз. Астананың құрылуы мен өркендеуі туралы жан-жақты ақпаратты осы көрмеге қойылған құжаттар арқылы біліп, танысуға болады.  

2 қабат,  абонемент.

 

3 шілде (жұма)

"Әлем таныған ұлы тұлға" атты кітап көрмесі Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевқа арналады.

2 қабат,  абонемент

 

15 шілде (сәрсенбі)

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2015 жылдың 1-31 маусым күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

Көптен күткен жайдарлы жаз мезгілі де келіп жетті. Жаз мезгілінде кітапханаларда әрқашан да тыныштық орнайды, бірақ бұл бізге қатысты емес. Себебі, біздің кітапханашылар оқырмандарды өзі іздеп табады. Маусым айында Жазғы Оқу қаласы өз жұмысын бастайды.

1 маусым (дүйсенбі)

Бұл күн балалар үшін ең қуанышты күн, өйткені 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бүлдіршіндер үшін «Балалығым-бақытым» атты қызықты ойын көрмесі ұйымдастырылады.

2 қабат, абонемент.

2 маусым (сейсенбі)

Беттер