adminтың блог

Жаны саудың – дені сау

Орыстың белгілі психологы, дәрігер В.Синельниковтың «Өз дертіңді ұнат» атты кітабы – психология саласындағы аса танымал еңбек. Көп адам осы кітапты оқып шыққан соң өмір жолдарын жаңа парақшадан жаза бастайды екен. Өйткені кітапта адам өмірінде болатын кез келген жағымсыз оқиғаның ауру тудыратыны айтылады.

Мәдени шаралар дайджесті. Сәуір.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 1-30 сәуір күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

4 сәуір (сейсенбі)

Балқаш қаласының 80 жылдығына орай «Мысты Балқаш – нұрлы Балқаш» атты кітап көрмесіндегі мәліметтерімен танысуға шақырамыз.

2 қабат, өлкетану бөлімі

 

5 сәуір (сәрсенбі) сағат 11.00

Көктем шақырады! «Жыр-Жауһар» шақырады! Біз шақырамыз!

Себелеп тұрса Көктен нұр,

Мен сені сүйген Көктем бұл!

Жанарымдағы сағыныш,

Үзіліп түсті... Мөп-мөлдір!

Көктем келсе, көл тебіреніп, көңіл толқитыны, әркімнің жүрегінде аяулы махаббат сезімі бүр жаратыны жасырын емес... Осыған орай, көктемнің көрікті күнінде, яғни, 14 – сәуір, сағат 15.00-де кітапханамызда

«Жыр-Жауһар жаққан жұлдыздар» атты

Көкшетау – жанға сая

Тұла бойына Қазақстан табиғатының бар әсемдігі мен алуан түрлілігін аямай жинақтаған бұл өңір өзіне үнемі тартып тұрады. Жақсы білген сайын жаныңа жақын бола түскендей. Саф таза ауамен бірге сіздің ойыңыз анық, сезіміңіз нәзік, өзіңізге де, өзгеге де мейіріміңіз мол болмақ. Табиғаты тумысынан сұлу Көкше белгісіз бір жұмбақ жаратылыс. Көкшетау өңірінде тамашалауға тұратын ғажайып жерлер көп: табиғи ескерткіштер мен қорықтар, таулар мен көлдер және далалар. Барлығы да жанға сая боларлық мекен.

Болашақтағы кітапхана

Болашақтағы кітапхана қан­дай болуы керек? Бұл сұрақ тек кітап­хана­шыларды ғана емес, жалпы қоғамды толғандырып отыр. Өркениет заманында қағаз өнімдеріне сұраныс азайғанымен оқып, білуге, ақпарат алуға деген ынта-ықылас еш толастамайтыны анық.

Кітапхана қай дәуірде де бәсекеге қабілетті, мәдениетті, рухани тұлғаны тәрбиелеп шығаруда маңызды рөл атқарады. Сондықтан да ақпараттың, білім мен ғылымның ошағы саналатын кітапханалардың мән маңызы жылдан-жылға артып келе жатыр.

Сәлем, Наурыз мейрамы!

Науша Наурыз, мейрамның тәуірісің,
Шат-шадыман жұртымның ән-жырысың.
Ұлыс оң боп,
Ақ мол боп жаңа жылда,
Бұйырсыншы біздерге нау ырысың.
С. Бексейіт

Міне, қазақ жеріне көктемнің керемет мейрамы Әз Наурыз да келіп жетті. Наурыз жайлы жазылған әңгіме де көп, ән де көп. Сондықтан да мерейлі мерекенің тарихына тоқталмай, наурыз жайлы аңызға бергісіз қызықты да маңызды мағлұматтарға ғана тоқталсақ деп отырмыз.

Туған өлкем – қандай көркем

Көктемнің жайма шуақ күндері де келіп жетті. Қыстың қақаған аязынан кейін, жаныңды жадырататын осындай мезгілде табиғатта демалуды аңсайсың. Жазғы демалыстың да ауылы алыс емес. Ал, Сіз жазғы демалысыңызды қайда өткізетіндігіңізді жоспарладыңыз ба? Жоспарламасаңыз бізбен бірге туған өлкеміздің көрікті жерлеріне саяхат жасауға қалай қарайсыз?

Ән салады көктем

Көктем - өмір бастауы. Көктем мерекелері күні қарсаңында өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері Көпсалалы гуманитарлы - техникалық колледж студенттерімен кітапханамызда дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан арт – портал аясында танымдық әңгіме жүргізді. Әңгіме барысында әнші, Қазақстанның және КСРО халық артисі, Халық қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағланованың 95 жылдық мерейтойы аясында бұлбұл әншінің өмірі мен өнері жайлы және көктемнің үлкен мерекелерінің бірі Ұлы Наурыз мейрамы туралы айтылды.

Сыйынар ем ана деген тәңірге...

О, аналар, осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың-дағы, кәрің де.
Сыйынатынболсаөмірдеқұдірет,
Сыйынар ем анадегентәңірге.

Шамкенов А.

Ана. Үш-ақ әріптен құралған «Ана» сөзінің астарында үлкен мән жатқанын кез-келген саналы азаматтың ұғынары сөзсіз. Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің бұлағы Анадан қасиетті, киелі ештеңе жоқ. Әлемге әйгілі ақын-жазушылар мен ғұламалардың Ана жайлы тебіреніп жазып қалдырған асыл сөздері қаншама...

Мәдени шаралар дайджесті. Наурыз.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 1-31 наурыз күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

2 наурыз (бейсенбі)

«Әйел – отбасының да, отанның да ұйытқысы» атты кітап көрмесінің материалдары 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесінің тарихы жайлы, ел дамуына зор үлес қосқан әйелдер мен қарапайым аналар туралы баяндайды.

3 қабат, оқу залы

 

6 наурыз (дүйсенбi) сағат 14.00

Беттер