18 March, 2020 - 10:20

Қазағымыздың қаһарман қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова 1922 жылдың қазан айында Орал облысы, Орда ауданы Жасқұс ауылында дүниеге келді.Мәншүк Мәметованың ата-анасының азан шақырып қойған есімі - Мәнсия. Анасы бала күнінде еркелетіп «Моншағым» деп, кейін Мәнсияның атын айтуға тілі келмей өзін «Мәншүк» деп атады. Құжат алар кезінде батыр қыз өз есімін «Мәншүк» деп жаздырды.

16 March, 2020 - 16:12

Қатерлі дерт, қалжыраған халық бейнесі атом ядролық жарылыс сынақтарын еске салмай қоймас.

13 March, 2020 - 09:24

«Сен қай кітаптарды оқығаныңды айтшы, мен сенің кім екеніңді айтып берейін»

Н.Пирогов

 

Иә, кітап дегеніміз – қоғам. Жақсы кітап жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді. Ендеше, санамызды нұрландыратын кітаптар жайлы дүниежүзінде қандай елеулі жаңалықтар орын алып жатыр екен бірге назар салып көрейік.

3 March, 2020 - 09:45

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2020 жылдың 1-31 наурыз күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

2 наурыз (дүйсенбі)

Көктемгі мерекенің қарсаңында оқырмандарды «Бақ берекем, құт мерекем-әз Наурыз» атты кітап көрмесі қарсы алады. Көрмеде Наурыз мейрамын мерекелеудің тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы баяндайтын кітаптар мен журналдар қойылған.

19 ақпан, 2020 - 11:22

Қазақ халқы ежелден есім таңдауға жауапкершілікпен қараған. Бала есімі оның өмір жолын анықтайды деп сенген. Сондықтан жаңа туған сәбиге ұлы тұлғалардың есімін, не мәнді, мағыналы ат қоюға тырысқан. Кейде баланың аурушаңдығын оның есімінің тарихы ауырлығымен байланыстырған. Одан бөлек, қазақ дәстүрінде ат тергеу, лақап ат секілді ұғымдар кездеседі. Ендеше, «бүркеншік ат», «лақап ат» деген ұғымдар қандай мағынаны білдіреді екен, қысқаша тоқтала кетсек.

6 ақпан, 2020 - 15:30

       Кеншілер қаласында 6-8 ші ақпан күндері Сарыжайлау кинотеатрында Қарағанды облысындағы «Қазақфильм күндері» өтеді. Қаламыздағы рухани ордамыз кітапхана аталмыш шараға кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге ұлттық кино өнеріміздің қалыптасу, даму тарихымен таныса отырып, кино әлемінің бүгіні мен ертеңі туралы қорымыздағы жаңа кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды. Ерекше назар аударатын кітап ол: «Кино Казахстана. Кто есть кто».

4 ақпан, 2020 - 17:43

Ақпан  2020ж.

4 ақпан (сейсенбі)

Өлкетану бөлімі 2020 жылдың маңызды датасы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Жеңіс даңқы – мәңгілік» атты кітап көрмесіне шақырады.

2 қабат, өлкетану бөлімі

7 ақпан (жұма) сағ.15.00

«Жыр-Жауһар» поэзия клубының жұмыс жоспарының аясындағы М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жас өмір, саған өкпем жоқ» атты әдеби-сазды кешке шақырамыз.

21 қантар, 2020 - 17:25

Аямайтын жерінде аямайтын!

Елім дейтін, әйтеуір, жерім дейтін.

Ер үстінде ешкімге берілмейтін.

Жазуға да, әрине, жалықпайтын,

Егеске де - шіркін - ай!- ерінбейтін!

Бұл мінез ғой...", - деп жырлады Қадыр Мырзалиев "Ілияс Есенберлин" өлеңінде.

5 қантар, 2020 - 16:17

4 ақпан (сейсенбі)

Өлкетану бөлімі Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Жеңіс даңқы – мәңгілік» атты кітап көрмесіне шақырады.

2 қабат, өлкетану бөлімі

7 ақпан (жұма) сағ.15.00

«Жыр-Жауһар» поэзия клубының жұмыс жоспарының аясындағы М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жас өмір, саған өкпем жоқ» атты әдеби-сазды кешке шақырамыз.

2 қабат, конференц-зал

29 November, 2019 - 09:17

Ой мен сөзді ұтымды пайымдап, ұрпақтар игілігіне жарата білетін «Парасат журналы» ғылымның барлық саласын қамтиды. Қоғамдық – саяси, әдеби – көркем, суретті журналымыз 60 жылдың асқарына иық тіреуде. Сан жылдардың тіршілік тағылымынан нәр алған, мәуелі даналықтың исі аңқыған, ақын жазушыларымыздың көзі мен сөзі, жүректен шыққан асыл жырларын халыққа жеткізе білетін «Парасат журналы» ең алғашқы рет 1958жылдың шілде айынан бастап «Мәдениет және тұрмыс» деген атаумен, 10 мың тиражбен басылып жарыққа шықты.

Беттер