«Құдай - ау, қайда сол жылдар,
Махаббат, қызық мол жылдар?
Ақырын - ақырын шегініп,
Алыстап кетті - ау, құрғырлар...»
деп жырлаған қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңін арқау еткен Қазақстанның халық жазушысы, оқырманның ыстық ықыласына бөленуде бағы жанған майдангер жазушы Ә. Нұршайықовтың ғасырлық мерей тойы, биыл республика аумағында тойлануда. Ғасыр мерей тойына орай бүгінде жазушының шығармаларын көпшілікке кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілуде.