adminтың блог

Мәдени шаралар дайджесті. Тамыз.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 1-31 тамыз күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

2 тамыз (сәрсенбі) сағ. 11.00, 12.00-де

Кітапханамыздың жас оқырмандарын «ENGLISH FOR KIDS» және «ЖЕР ШАРЫНА САЯХАТ» атты шығармашылық алаңдарына шақырамыз.

2-қабат, конференц-зал

 

7 тамыз (дүйсенбі) сағ. 11.00, 12.00-де

Батаменен ел көгерер...

Дана халқымыз «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер», «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас» деп бекер айтпаған. Халқымыз әрқашан тілегін тілеп, берілген батаға ерекше ден қойған. Қуанышты тойлар мен келелі жоралғыларда ауылдың қадірлі қариясынан бата алып, тіршілігімізбен жаңғырып отырған.

Summer is the best time for Kids!

July 5 within a progaram «Summer at Library» we hold a Summer Camp! American corner staff cheerful, amicably and cognitively carried out the Summer camp! Before the Day of the Capital (6th of July ) we have informed  the children about this great day, this great holiday, we have told a lot of information about the Motherland, about our capital Astana and we have been very surprised that, how well children are informed about EXPO.

Independence Day of USA

Independence Day also called to as the 4th of July is a federal holiday in the United States in honor of the Declaration of Independence 241 years ago on July 4, 1776.This day is an important day for American people because it isn’t just a holiday so it`s a great national triumph when in this day everything decorated with USA`s symbols.

Астана – ұлы дала ажары

Астана – ұлы даланың жүрегінде жатқан, әлем танып, мойындаған Мәңгілік елдің қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Жаңа Астанамыздың құрылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздыққа ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құбылыс.

Дәрумендер дәріден артық

"Витамин" деген терминді 1912 жылы поляк оқымысты-химигі Каземир Функ ұсынды: витамин – vita+min, яғни «өмірлік қажетті амин» деген мағынаны білдіреді.  Қазіргі тілдік қолданыста витамин сөзін дәрумен деп айтып жүрміз.

Бүгінде дәруменнің  13 түрі немесе тобы қолданыста жүр. Олар май ыдыратқыш – А, Д, Е, К және су ыдыратқыш – С және В тобының дәрумендері.

Д, К, және В3  дәрумендерін біздің ағзамыз өз бетінше бөліп шығарады, ал қалғандары ағзаға тағам арқылы енеді.

Мәдени шаралар дайджесті. Шілде.

2017 жыл, шілде Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 1-31 шілде күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

2 шілде (жексенбі)

Астана күніне орай «Астана – ұлт қазынасы = Астана – достояние нации» атты кітап көрмесіне шақырамыз.

3 қабат, оқу залы

 

3 шілде (дүйсенбі)

«Астана – алтын тұғыр»: 6 шілде – Астана күні» дөңгелек үстеліне шақырамыз.

2-қабат, конференц зал.

 

Ғаламның ғажайып жерлері

Жадырап жаз мезгілі де келіп жетті. Жаз – қызықты демалыстың, сан түрлі саяхаттың уақыты. Алда-жалда алысқа сапар шеге қалсаңыз, қаперіңізде жүрсін деген мақсатпен, біз де бүгін Ғаламның ғажайып жерлерін топтастырып, оқырманға ұсынуды жөн көріп отырмыз. Сонымен...

Егер сіз Бразилияға бара қалсаңыз, Вале да Луа деп аталатын айрықша тау түзілістеріне міндетті түрде соғуыңыз керек. . Мұнда көп жылғы жер қыртысының қалыптасуы нәтижесінде, табиғи хауыздар пайда болған. Жергілікті тұрғындар күн ыстығынан құтылу үшін осында асығады.

Қазына іздесең – табиғатқа шық!

Кітапханада он бес жылдан астам уақыт «Әдеби қонақжай» клубы жұмыс істейді. Клуб мүшелерінің дені - зейнеткерлер. Олардың ішінде бұрынғы ғылыми қызметкерлер, заңгерлер, әскери адамдар, инженер-техниктер, мұғалімдер, есепшілер, тігіншілер, өсімдік танушылар т.б. мамандық иелері бар. Кітапқұмарлықтарының арқасында бір ортаға жиналған клуб мүшелері ай сайын бір-бірін сағына көріседі. Зейнетке шықса да, қол қусырып қарап отырмайтын жандардың әрқайсысының сүйікті істері де баршылық.

Мәдени шаралар дайджесті. Маусым.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 1-30 маусым күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

1 маусым  (бейсенбі) 13.00-де

Бұл күні кітапхана қызметкерлері мен қонақтардың балаларына арналған қызықты мерекелік іс-шара ұйымдастырылады.

1 қабат, кітапхана холлы

 

1 маусым  (бейсенбі)

Беттер