adminтың блог

Дәстүріміз жаңғыра берсін!

                                                                 «Салтын білмеген сауапты түсінбейді»

                                                                                                                                                   Халық  мақалы

Ұлы даланың ұлық тұлғасы

Қасиетті қазақ даласы талай ұлы тұлғаларды дүниеге алып келді. Қазақтың топырағынан көкірегі ояу, көзі ашық ойшыл азаматтар бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі – күллі әлемге танымал, ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби.

Елін сүйген ержүрек қыздар

    Екінші дүниежүзілік соғыста майдан даласына ерікті түрде сұранғандардың 40 пайызы әйелдер. Әзірге 5250 қазақстандық әйелдердің ерлермен бірге қолына қару алып, майданға  аттанғанын білеміз.

Ұлы ерлікке мың тағзым!

Соғыс жылдарындағы балалар

Екінші дүниежүзілік соғысы – қаншама ошақты ойрандаған, талай боздақтың сүйегін жат жерде қалдырған, талай ананың батысқа қаратып көздерін талдырған, талай баланы жаутаңдатып жетім қалдырған қанды қырғын. Бұл соғыс біздің ақ шашты аталарымыз бен әкелеріміздің ерлік пен қаһармандыққа толы биік рухын күллі әлемге танытқан тарихи оқиға.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы баспа қызметі (Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына)

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енді. Бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатысты. Біз, осы ұрыс алаңында болып, өшпес ерлік көрсеткен ата-бабаларымыз бен рухы биік  батырларымыз жайлы көптеген деректерді тарихтан оқып, біліп келеміз.

Онлайн іс-шаралар афишасы. 2020 жыл, мамыр.

Шуағын шашқан Мамыр айы да келіп жетті. Бұл мезгілде табиғаттың гүлденуі көз қуантады. Бұл көктемнің соңғы – ең жылы айы, дегенмен жазғы лебі әлі де сезіле қоймайды. Мамыр айы – Қазақстан халқының Бірлігі мерекесі (биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аталып өтуде), 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні секілді айтулы мерекелерге толы ай. Сондай –ақ, биыл 9 мамырда бүкіл ел Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын атап өтеді.

Туған табиғатты қорға

Табиғат – адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын алады.

Табиғатты қорғау дегеніміз - табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, бүліну, ластану жолдарынан сақтау және қорғауды жүзеге асыру. Табиғатты қорғауға халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы ғылыми тұрғыда бағытталған іс шаралар жатады.

Кітап және әлем кітапханалары жайлы қызықты деректер

Қоғамымызда электронды ақпарат құралдары, басқа да көздері көбейгенімен кітаптың орны бөлек. Кітап өміріміздегі, қоғамымыздағы қажеттілігін айтып жеткізу мүмкін емес. Данышпан Абай «Артық білімі кітапта, ерінбей оқып көруге» - дейді. Білім бұлағы саналатын кітаптың қастерлі қасиетін таныған Шығыстың жарық жұлдызы Әлішер Науаидің мына сөздерін еске алар болсақ: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына», - деген екен. Кітаптың құдіретін паш етеміз, ал сол кітаптың өзін қайдан аламыз?

Тұғыры биік тұлға

Халқының ертеңі үшін талмай еңбек еткен, білімі мен ақыл-парасатын туған халқының өсіп өркендеуі үшін жұмсаған, есімі ел аузында қалған қазақтың ардақты ұлының бірі Нығмет Нұрмақов.

Нығмет Нұрмақов 1895 жылдың 25 сәуірінде Қазіргі Қарқаралы ауданы Н.Нұрмақов атындағы ауылдың Сарыадыр қыстағында дүниеге келген.

Беттер