adminтың блог

Құрманың пайдасы мен қасиеттері

Құрма пальма тұқымдасына жататын тропикалық жеміс, көбінесе ыстық климатты аймақтарда өседі, суыққа төзімді, ал қолайлы жағдай жасалса шамамен 150 жылға дейін өмір сүреді. Өзіндік емдік қасиетімен құнарлы әрі дәруменге бай.

Қайталанбайтын талант

Биыл қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі жазушы  Марат  Қабанбаевтың  туғанына 75-жыл толып отыр. Марат Қабанбаев 1948 жылы 22 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында дүниеге келген.

Сөз шебері – Ирвин Шоу

Американдық жазушы, драматург Ирвин Шоудың туғанына - 110 жыл

Ирвин Шоу – американдық жазушы, новеллист, драматург. Жазушының шығармалары оқырмандар тарапынан үлкен сұранысқа ие болған. Оның романдары үнемі бестселлерге айналып қана қоймай, бірнеше рет қайта басылып, ХХ ғасырдағы әдебиеттің алтын қорына енді.

Талғампаз талант – Төлен Әбдікұлы

Қазақ әдебиетінің алтын қорын ұлт бедерін айшықтайтын, адам болмысының күрделі қырларын  танытатын шығармаларымен толықтырған қаламгерлеріміздің бірі – Төлен Әбдікұлы. Көрнекті  жазушы, драматург, аудармашы, ҚР Мемлекеттік және Франц Кафка атындағы Халықаралық  сыйлықтардың иесі - Төлен ағамыз 1942 жылдың 4- қыркүйегінде Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген.

Халқымыздың аяулы қызы – Сара Есова

Алғыс айту - сыйластықтың белгісі

«Егер шүкір етсеңдер, Мен сендерге еселей түсемін. Ал шүкірсіздік қылсаңдар, расында Менің азабым қатты»

(«Ибраһим» сүресі, 7-аят).

Түсінген жанға бұл аяттың мағынасы терең. Мұндағы «шүкір» сөзі рахмет айту, алғыс білдірумен ұғымдас. Біреуге рахмет айта салу жеңіл ал, оны шын жүректен сезініп айту - пенденің рухани болмысын күшейте түседі.

Дара тұлға

Биыл Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, Қасым Қайсеновтің туғанына 105 жыл.

Ол 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында дүниеге келген. Туған ауылында жеті жылдық мектепті бітіргеннен соң Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп оны 1938 жылы бітіріп шығады.

Murat Auezov

Сөзі қалған орнында

БАҚҚОЖА МҰҚАЙ ӘЛЕМІ

Жазушы, драматург Б.Мұқайдың туғанына 75 жыл

Қазақтың көрнекті қаламгері, жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Баққожа Мұқай  1948 жылы 31 қаңтарда Алматы облысы, Райымбек ауданы Нарынқол ауылында дүниеге келген.

Баққожа Мұқайдың алғашқы туындылары алпысыншы жылдардың бас кезінде жарық көрген. Содан бері оның қаламынан бiрнеше әңгіме, хикаялар, драмалық шығармалары бар.

Беттер