25 June, 2020 - 09:09

Ұлы кемеңгер Абай дүниеден өткелі де бір ғасырдан артық уақыт өтіпті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі», - деп жазған еді. Абайдың басты ұлылығы – оның көркем сөзді кемеліне келтірген сұңғыла суреткерлігінде. Өзі айтқандай «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деп, ардақтаған поэзиясының ғажайып қуатында.

19 June, 2020 - 09:08

 

                                                                                         Жолың болсын, бара ғой, айналайын,

                                                                                         Айналайын, қорғаушым, қарғадайым!

                                                                                         Кәсібіңе мен сенің басымды ием,

                                                                                         Басымды ием, несіне арланайын…

17 June, 2020 - 12:46

Антуан де Сент-Экзюпери  - француз жазушысы, ақын, сонымен қатар кәсіби ұшқыш.

16 June, 2020 - 15:28

Кітапты оқудың 3 түрі бар: бірінші - оқып шыққаннан кейін еш нәрсені түсінбеу. Екінші - оқып шыққан нәрсеңді түсіну. Үшінші - оқып шыққаннан кейін тіпті кітапта жазылмаған сырды ұғыну.

                                                                                                                                                                          Я.Княжнин

5 June, 2020 - 17:04

Томас Манн - әйгілі неміс жазушысы, әдебиеттегі Нобель сыйлығының лауреаты, эпикалық романның шебері.

5 June, 2020 - 11:45

Адам баласының ғұмырындағы аса ардақты, ең ыстық кезеңдердің бірі – мектеп қабырғасында алаңсыз асыр салып өскен оқушылық шағы. Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме. Түлектер өздерінің  он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін үлкен өмірге қанаттандырады. Бұл сәт әр мектеп бітіруші түлекке тарихи оқиға. Мұғалімнің берген сапалы білімі мен саналы тәрбиесі шәкірттердің жүрегінде сақталып, жадында мәңгі қалмақ.

1 June, 2020 - 09:50

Балалар – бұл біздің болашағымыз. Бастаған ізгі істеріміздің жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт-құсымыздың қанаты. Балалар – тыныштық символы. Балалар – мейірім тотемі. Осы себепті олардың бақытты болуы үшін ештеңе аямаймыз. Әсіресе, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде бұл қамқорлығымыз  арта түседі.

27 May, 2020 - 15:29

Кеңес өкіметінің 1937 - 1938 жылдарда жүргізген репрессия салдарынан талай боздақтарымыз қынадай қырылып, жазықсыздан - жазықсыз атылғаны мәлім.

Бұл - халқымыздың тарихындағы ең ауыр да қайғылы кезең болып есте сақталары сөзсіз.

Беттер